10.09.2018, 21:40 6664

Алматыдағы Саин көшесі үш шақырымға ұзартылады

Алматыныӊ ұзын-сонар көлік кептелісін азайту үшін тағы да қарқынды құрылыс басталмақ. Келер жылы Саин көшесін Рысқұлов даӊғылы мен Ақын Сара көшесі аралығында ұзарту жоспарланып отыр.

Алматы. 10 қыркүйек. Kazakhstan Today - Алматыныӊ Саин көшесі 3 шақырымға ұзартылады. Жаӊа торап қаланыӊ солтүстік батыс бөлігін орталықпен жалғайды. Құрылыс жұмыстары тиісті қаржы бөлінсе бірден басталмақ. Ал қараша айында Назарбаев даӊғылыныӊ жаӊа, ұзартылған бөлігі қолданысқа беріледі. Бұл туралы "Алматы" телеарнасы хабарлайды.

Алматыныӊ ұзын-сонар көлік кептелісін азайту үшін тағы да қарқынды құрылыс басталмақ. Келер жылы Саин көшесін Рысқұлов даӊғылы мен Ақын Сара көшесі аралығында ұзарту жоспарланып отыр. Ұзындығы 3 шақырымнан асатын жаӊа торап әсіресе, қаланыӊ солтүстік батыс бөлігінен орталыққа қатынайтын тұрғындарға ыӊғайлы болмақ. Жауапты басқарма өкілдері қазір құрылыс жобасын әзірлеп жатыр.

"Саин көшесі "Домиллион" сауда үйінен төмендегі айналма жолмен бітеді ғой. Соны төмен қарай, Боралдай тас жолына дейін шығарамыз. Сонда Момышұлымен қосқаннан кейін екінші Момышұлы көшесі Саин көшесі болып қалады ғой. Яғни, сіз Саин көшесімен Боралдай кентінен бір-ақ шығасыз", - деді Алматы қаласы Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасыныӊ бөлім басшысы Ернұр Ибжахан.

Өткен жылы қаладағы магистралды тас жолдардыӊ көлік жүктемесін 20 пайызға төмендету үшін Хмельницкий көшесі мен Назарбаев даӊғылын ұзарту қолға алынған болатын. Қазір қос нысанныӊ да құрылысы 80 пайызға аяқталған. Мердігерлер жаӊа тораптарды қараша айында қолданысқа бермек.

Айта кетсек, Райымбек даӊғылынан Жансүгіров көшесіне дейін ұзартылатын Назарбаев даӊғылындағы көпір тыӊ тәсілмен салынуда. Яғни, көпірдіӊ тірек қабырғалары қалыпты бетоннан емес, Еуропаныӊ арнайы Tensar технологиясы негізінде жасалған. Ол құрылысқа кететін шығынды әлдеқайда үнемді дейді мердігерлер.

"Ол блоктардан құралады, оныӊ ішіне Tensar сеткалары салынады. Геоторлар салынады. Бұл технология нысанныӊ бағасын арзандата түседі. Темір бетон тірек қабырғаларынан әлдеқайда арзанырақ әрі төзімдірек болады және құрастыру, құрылыс-монтаждау жұмыстары жылдамдайды. Сейсмикалық жағынан да тұрақты болып келеді. Жер сілкінісі кезінде 9-10 баллға дейін шыдамды", - деді мердігер компанияныӊ жетекші инженері Ермек Ниязбаев.

Ал Абай даӊғылын батыс бағытта қала шекарасына дейін ұзарту жұмыстары келер жылы аяқталмақ. Бұдан бөлек, Сейфуллин даӊғылы мен Жансүгіров көшесініӊ, сондай-ақ Рысқұлов даӊғылыныӊ Құлжа күре жолымен және Емцов көшесімен қиылысқан тұсында салынып жатқан жолайрықтар да тек 2019 жылдыӊ аяғында қолданысқа берілмек.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны