18.01.2008, 17:34 2849

Алматыдағы "Сайран" халықаралық вокзалының табысы қыстың қарлы болуы салдарынан екі есеге түсіп кетті

Алматыдағы "Сайран" халықаралық вокзалының табысы қыстың қарлы болуы салдарынан екі есеге түсіп кетті

Алматы. 18-қаңтар. "Қазақстан Бүгін" - Алматыдағы "Сайран" халықаралық вокзалының табысы Қазақстанның оңтүстігіндегі қыстың қаһарлы болуы салдарынан екі есеге түсіп кетті. Бұл туралы "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісіне вокзалдың жолаушылар тасымалдау қызметінің бастығы Или Құрманғалиев хабарлады.

"15-желтоқсаннан бастап біздің табысымыз екі-үш есеге түсіп кетті. Жолдар мен асулардың барлығының ашылғандығына қарамастан автобустар тұрып қалды. Жолаушылардың барлығы билеттің бірнеше есе қымбаттығына қарамастан, теміржол арқылы кетіп жатыр",- деді И. Құрманғалиев.

Оның айтуынша, қазір жолаушылардың болмауынан Кентау, Абай, Сарыағаш, Жібек жолы сияқты бағыттардағы рейстерді тоқтатуға тура келіп отыр. "Тек Таразға ғана жолаушылар бар, олардың өзі көп емес",- деді автовокзал өкілі.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны