31.03.2010, 16:09 19931

Алматыдағы тері-венерологиялық ғылыми зерттеу институты Асфендияров атындағы Ұлттық медициналық университеттің қарамағына берілді - телеарна

Алматыдағы тері-венерологиялық ғылыми зерттеу институты Асфендияров атындағы Ұлттық медициналық университеттің қарамағына берілді - телеарна

Алматы. 31 наурыз. Kazakhstan Today - Еліміздегі жалғыз тері-венерологиялық ғылыми зерттеу институтына қатысты мәселе шешілді. Денсаулық сақтау министрлігі бұл мекемені Асфендияров атындағы Ұлттық медициналық университеттің қарамағына тапсырды, деп хабарлайды Kazakhstan Today КТК телеарнасына сілтеме жасап.

Телеарнаның хабарлауынша, "осыдан шамамен жарты жыл бұрын Төтенше жағдайлар депаратаменті өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтамағаны үшін тері-венерологиялық ғылыми-зерттеу институтының жабылатыны туралы ескерткен болатын. Ал дәрігерлердің есебі бойынша, ғимаратты өртке қарсы құрылғылармен жасақтау үшін 39 миллион теңге қажет. Алайда Денсаулық сақтау министрлігі мұндай қаржыны бөлуден бас тартқан. Енді аталған мекемеге қаражат Асфендияров атындағы Ұлттық медициналық университетінің қорынан бөлінетін боп шешілді. Ғимараттың бірінші бөлігі қыркүйек айында жөнделіп бітеді. Егер бәрі ойдағыдай болса, тері ауруларының күрделі түріне шалдыққандарға арналған стационар қайта ашылады. Жөндеу жұмыстары аяқталғанша, тері-венерологиялық институттың тек білікті мамандары медициналық университетте уақытша жұмыспен қамтылмақ. Ал қалғандарына жаңа жұмыс іздеу керек болады".

Тері- венерологиялық ғылыми зерттеу институтының бас дәрігері Наталья Лукина былай дейді: "Мұнда 30 жылдан астам уақыт жұмыс істеймін. Мұндай институт республикаға керек. Науқастар еліміздің әр түкпірінен тек осындағы стационарға емделуге келеді. Араларында жағдайы тым нашар жандар бар. Қаншама маман жұмыссыз қалайын деп тұр".

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны