22.09.2018, 19:42 8132

Алматыдағы үкіметтік емес ұйымдар "100 жаӊа есім" жобасына қатысуға шақырады

"100 жаӊа есім" жобасыныӊ мақсаты - табысты, бәсекеге қабілетті болу, прагматизм мен білім культі идеяларын Тәуелсіздік жылдары Қазақстанныӊ дамуына елеулі үлес қосқан адамдардыӊ тарихын үлгі ете отырып насихаттау.

Алматы. 22 қыркүйек. Kazakhstan Today - Алматыдағы үкіметтік емес ұйымдар "100 жаӊа есім" жобасына қатысуға шақырады.

Бұл туралы Алматы қалалық ішкі саясат басқармасы Өӊірлік коммуникациялар қызметі алаӊында ұйымдастырған баспасөз мәслихатында жас қоғам қайраткерлері мәлім етті.

"100 жаӊа есім" жобасыныӊ мақсаты - табысты, бәсекеге қабілетті болу, прагматизм мен білім культі идеяларын Тәуелсіздік жылдары Қазақстанныӊ дамуына елеулі үлес қосқан адамдардыӊ тарихын үлгі ете отырып насихаттау. "100 жаӊа есім" жобасы "Рухани Жаӊғыру" бағдарламасыныӊ шеӊберінде адами капитал мен бәсекеге қабілеттілік идеяларын ілгерілетуді көздейді. Өткен жылы үш аптаға созылған онлайн дауыс беру нәтижесінде 1,3 миллионнан астам дауыс берілген болатын. Жобаныӊ екінші кезеӊінде енгізілген өзгерістер қоғамдық бірлестіктерге өздерініӊ атынан үміткерлерді ұсынуға және олардыӊ сәттілік тарихы мен жетістіктерін ортаға салуға мүмкіндік берді.

""Рухани Жаӊғыру" бағдарламасыныӊ шеӊберіндегі "100 жаӊа есім" жобасыныӊ арқасында еліміздіӊ азаматтары жаӊа есімдерді естіп, белгілі бір жетістіктерге жеткенімен жаппай танылып үлгермеген лайықты ел тұлғалары туралы естіп білді. Жобаға енгізілген өзгерістер аса маӊызды. Өйткені ендігі жерде бұл жобаға кімді лайық деп танитынын халықтыӊ өзі шешеді және біз бүгін осы мүмкіндікті пайдаланғымыз келеді", - деді "Жастар үні" қоғамдық бірлестігініӊ төрағасы Дәурен Бабамұратов.

"Еріктілер лигасы" қоғамдық қорыныӊ төрайымы Айсұлу Ерниязованыӊ айтуынша, Алматы - жастар қаласы және мұнда табысқа жеткен, бірақ қарапайым жастар көп және олар жобаға қатысуға әбден лайық.

"Алматы - азаматтық белсенді ұстанымдағы адамдар тұратын қала. Былтыр тізімніӊ бестен бір бөлігін дәл осындай алматылықтар құрады. Биыл да барынша көп үміткерлер ұсыну, оныӊ ішінде жастардыӊ көп болғанын қалар едік. Сол себепті біз өз кезегімізде Дмитрий Баландин және Жансая Ибдімәлік секілді жастарды ұсыну дұрыс деп санаймыз", - деді Айсұлу Ерниязова.

"Біз басқа өӊірлердегі әріптестерімізді, республикалық қоғамдық бірлестіктердіӊ өкілдерін де бейтарап қалмай өз үміткерлерін ұсынуға атсалысуға шақырамыз. Еліміздіӊ түкпір-түкпірінде қаншама лайықты дарында жандардыӊ тұрып жатқанын бәріміз бірдей біле бермейміз", - деді Айсұлу Ерниязова.

Алматы қаласы бойынша "Болашақ" қауымдастығыныӊ мүшесі, Сызғанов атындағы Ұлттық Ғылыми хирургия орталығыныӊ кардиохирургы Бауыржан Рақышевтіӊ пікірінше, "100 жаӊа есім" жобасы - еліміздіӊ мәртебесін дүниежүзінде асқақтатып, әлемге танытып жүрген қазақстандықтардыӊ дарынын мойындаудыӊ бірегей тамаша мүмкіндігі болып табылады.

"Жоба жаӊа буын тұлғаларына бағытталғанын атап өткім келеді. Тағдыры мен тарихы жас буын үшін үлгі болатындар жайлы. Дмитрий Баландинге келсек, ол жүзу спортынан Қазақстанға алтын әкелу арқылы зор үлгі көрсете білді. Еліміз бұған дейін бұл салада алтын алмаған. Димадан кейін жастар бассейндер мен жүзу секцияларына мыӊдап келді. Олар одан үлгі алды. Оған ұқсап баққысы келеді. Бұл тамаша тарих", - деді G-38 студент жастардыӊ лидерлік өзін-өзі басқару бірлестігініӊ төрағасы Шыӊғыс Ерсоветов.

Еске сала кетейік, 2018 жылғы жобаға қатысу жөніндегі өтінімдер қазан айыныӊ ортасына дейін www.100esim.el.kz ресми сайтында қабылданады. Қараша айында халықтыӊ онлайын дауыс беруініӊ нәтижесінде жобаныӊ екінші кезеӊініӊ жеӊімпаздары анықталады. Үміткерді іріктеу критерийлері мен жобаға қатысу ережелері туралы ресми сайттан оқи аласыздар.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны