23.04.2009, 16:33 2682

Алматыдағы №1-ші тергеу изоляторында 174 адам ВИЧ індетін жұқтырған

Алматыдағы №1-ші тергеу изоляторында 174 адам ВИЧ індетін жұқтырған

Астана. 23 сәуір. "Қазақстан Бүгін" - Алматыдағы №1-ші тергеу изоляторында 174 адам ВИЧ індетін жұқтырған. Бұл туралы Республиканың Бас санитарлық дәрігері Анатолий Белоног бүгін Денсаулық сақтау министрлігінде өткен алқа мәжілісінде мәлім етті, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі.

Анатолий Белоногтың айтуынша, 2008 жылы елдің пенитенциарлық мекемелерінде ВИЧ індетін жұқтырудың 721 оқиғасы жаңадан тіркелген. Сотталғандардың 42 пайызында ВИЧ індеті - тергеу изоляторларына түсу кезінде, 58 пайызында түзеу мекемелерінде анықталған. "Талдау көрсеткендей, бұл үдеріс Алматы қаласындағы №1-ші тергеу изоляторындағы жағдайдың нашарлауына тікелей байланысты. Мәселен, өткен жылы қамауға алынғандардың 40 пайызына індеттің бар-жоғын анықтауға тексеріс жүргізілмеген. Нәтижесінде 174 адам індетті жұқтырып, олар облыстың басқа аймақтарына ауыстырылу арқылы оны тарату көзіне айналған.

ВИЧ індетін жұқтырған сотталғандардың жоғары көрсеткіштері, әсіресе, түзеу мекемелері көп шоғырланған аймақтарда тіркеледі. Олардың саны Шығыс Қазақстанда - 14, Қарағандыда - 10, және Алматы облысында - 6. ШҚО-ның түзеу мекемелерінде 110 адам, Павлодарда 15 адам, Қарағандыда -2 және Астана мен Солтүстік Қазақстан облысында бір-бір адамнан жұқтырған.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. «Қазақстан Бүгін» Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны