27.07.2012, 14:01 2922

Алматыдағы жаңа әлеуметтік жарнамада жол ережесін бұзған жаяу жүргінші қой кейпінде бейнеленбек

Алматы қаласындағы жаңа әлеуметтік жарнамада жол жүру ережесін бұзған жаяу жүргіншілер қой кейпінде бейнеленбек. Қалалық мәдениет басқармасы мен жарнама агенттіктері бірігіп, әлеуметтік жарнама бейнеленетін баннерлерді жол жүру ережесін бұзғандарға арнауды жоспарлап отыр. Онда "Адамдар жолды ережемен кесіп өтеді, ал қойға бәрібір" деген тіркес жазылатын болады.

Алматы. 27-шілде. Kazakhstan Today - Алматыдағы жаңа әлеуметтік жарнамада жол ережесін бұзған жаяу жүргінші қой кейпінде бейнеленбек, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Алматы қаласындағы жаңа әлеуметтік жарнамада жол жүру ережесін бұзған жаяу жүргіншілер қой кейпінде бейнеленбек. Қалалық мәдениет басқармасы мен жарнама агенттіктері бірігіп, әлеуметтік жарнама бейнеленетін баннерлерді жол жүру ережесін бұзғандарға арнауды жоспарлап отыр. Онда "Адамдар жолды ережемен кесіп өтеді, ал қойға бәрібір" деген тіркес жазылатын болады.

Жарнама баннерлерін жуық арада қала көшелерінен көре аламыз. "Мәселені басқаша жолмен шешкіміз келіп, мамандарға жүгіндік. Нәтижесінде, астарлы әзілге құрылған осынау жарнама ойлап табылды. Бұл - біздің алғашқы қадамымыз. Қалалықтарға қалай әсер ететінін уақыт көрсетеді", - дейді Алматы қалалық мәдениет басқармасының Арнайы жобалар үйлестірушісі Екатерина Грибановская. Мұндай жарнамалардың бірнешеуі қала көшелеріне шілде айында ілінеді. "Біз ұзақ ойландық, халықтан жол ережесін бұзбауын қанша рет өтінсек те, нәтиже берер емес. Сондықтан өткір сықақпен бергелі отырмыз. Бәлкім, осыдан кейін жұртшылық ойланар", - деді үйлестіруші.

Оның айтуынша, Алматы қалалық әкімшілігі 2013 жылдың мамыр айына дейін осы іспеттес бірнеше әлеуметтік бағдарламалардың жоспарын жасауда. Бағдарлама аясында жарнама агенттіктеріне ерекше, соны, халыққа әсер ететін жарнама ойлап табу міндеті тапсырылып отыр. Бұл жоба "Жарнама агенттіктері қаламызға қызмет етсін!" ("Рекламные агентства - городу!") деп аталады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны