14.09.2018, 18:52 7066

Алматыдағы жаӊарған Абай даӊғылына 1000-нан астам ағаш отырғызылады

Алматы әкімі Бауыржан Байбек қаланыӊ жаяу жүргінші инфрақұырылымн реконструкциялаудағы құрылыс жұмыстарыныӊ сапасын тексерді. Мегаполис басшысы жаӊарған бірнеше көшелерді аралап шығып, қайта түлеген Абай даӊғылында да болды.

Алматы. 14 қыркүйек. Kazakhstan Today - Алматы әкімі Бауыржан Байбек қаланыӊ жаяу жүргінші инфрақұырылымн реконструкциялаудағы құрылыс жұмыстарыныӊ сапасын тексерді. Мегаполис басшысы жаӊарған бірнеше көшелерді аралап шығып, қайта түлеген Абай даӊғылында да болды.

Даӊғылды модернизациялау аясында жаяу жүргінші кеӊістігі кеӊейді, асфальттыӊ орнына кеспе тастар төселді. Жақын арада заманауи және өте қолайлы көше жиһаздары қойылатын болады.

Бұлардан өзге, жаӊа жарық диодты көше және троутар шамдары орнатылуда. Жаӊа фонтандар салу мен ғимараттардыӊ сыртын жаӊарту жұмыстары аяқталып қалды. Қазан айында түрлі тұқымды 1000-нан астам ағаштар отырғызылады.

Алматы әкімі Бауыржан Байбек жұмыс сапары барысында мердігердіӊ назарын жіберілген кемшіліктерге және атқарылған істердіӊ барлығы қала тұрғындарына қолайлы болуы тиіс екендігіне аударды.

"Мүмкіндігінше қалада кедергісіз ортаны қалыптастыру қажет. Көп жерлерде пандустар қарастырылмаған, соныӊ ішінде туризм Академиясы алдындағы жаӊа фонтан маӊында. Кеткен кемшіліктерді түзетіӊіздер", - деп атап өтті Бауыржан Байбек Байтұрсынов көшесініӊ бұрылысы бойымен даӊғылды аралаған кезде.

Мегаполис басшысы қозғалыс бөлігіне тым жақын орналасқан көлік бекеттері кешендерін ауыстыруды және жолаушы ағыны жиі Орталық стадион жаны мен өзге де учаскелерге қосымша бекттер орнатуды тапсырды.

Наурызбай батыр көшесі қиылысына сквер жасау мәселесі қайта қаралады, бұрынғы Түрксіб ауруханасыныӊ маӊын жасылдандыру көлемі артады.

Бұрын стихиялы көлік тұрағы болған Сейфуллин даӊғылыныӊ батыс бөлігіне кіші пішінді архитектуралық формалар қойылады, жасылдандырылады және заманауи форматтағы сауда орындары пайда болады.

Масанчи көшесініӊ шығысына қарай кезінде донер жасаушылар басып алып, тұрғындардыӊ ренішін туғызған учаскеге жасыл желек отырғызылады.


Бірқатар учаскелерге, соныӊ ішінде Лермонтов атындағы театр алдындағы алаӊға тротуар плиткасы қайта төселеді.

Жұмыс сапары барысында Бауыржан Байбек Желтоқсан көшесінде де болды және "Тәуелсіздік таӊы" ескерткіші маӊында қауіпсіздік аймағын жасауды тапсырды.

Бұрындары мегаполис басшысы Республика Сарайы алдындағы алаӊға тротуар плиткаларын төсеуде жіберлген кемшіліктерді түзетуді тапсырған болатын. Бұлардан өзге, қала әкімі Абылай хан даӊғылын қайта жасаған "Элитстрой" компаниясыныӊ еншілес мердігерлік ұйымыныӊ жұмысын сынға алып, олқылықтардыӊ орнын толтыруға екі ай мерзім берді.


Айта кетерлігі, жалпы Алматыда биылғы жылы 524 көше жөнделді, 1400 ескі аула жаӊарды.300 км арық салынды және жөнделді, 800 км инженерлік желі тартылды.

Қаланыӊ барлық жер асты өтпелі жолдары жаӊарды. Жыл аяғына дейін барлық көше жарықтарыныӊ үштен бірі жарық диодты және энергия жинақтаушы шамдарға ауыстырылады.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны