29.01.2013, 09:25 3490

Алматыдағы жер сілкінісінен ешкім зардап шеккен жоқ

"Жер сілкінісі салдарынан қайтыс болғандар мен зардап шеккендер жоқ. Ғимараттардың қирауы туралы бізге ешқандай ақпарат келіп түскен жоқ", - деді Алматы ТЖД кезекші бөлімінде.

Астана. 29-қаңтар. Kazakhstan Today - Алматыдағы жер сілкінісінен ешкім зардап шеккен жоқ, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

"Жер сілкінісі салдарынан қайтыс болғандар мен зардап шеккендер жоқ. Ғимараттардың қирауы туралы бізге ешқандай ақпарат келіп түскен жоқ", - деді Алматы ТЖД кезекші бөлімінде.

"Алматы облысында жедел топ жұмыс жасауда. Қазір ақпарат жинастырудамыз. Қирандылар мен зардап шеккендер туралы әзірше ешқандай ақпарат келіп түскен жоқ", деді Алматы облысы ТЖД-да.

Еске сала кетсек, 2013 жылғы 28 қаңтарда Алматыдан 227 шақырым қашықтықта күші 6,3 магнитуда болатын жер сілкінісі тіркелген. Жергілікті уақыт бойынша сағат 22:38-де Алматы облысының тұрғындары жер асты дүмпулерін сезінген. Еуропа-Жерорта сейсмологиялық орталықтың мәліметі бойынша, жер асты дүмпулері 10 км тереңдікке дейін байқалған. Эпицентрдегі жер сілкінісінің магнитудасы Рихтер шкаласы бойынша 6,1 баллды құрады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны