05.09.2018, 23:48 36261

Алматыдағы ЖОО-ларда студенттерді "Қоғамға қызмет ету" пәніне оқытатын болады

Бүгін Алматыда ""Community Service Learning" бағдарламасын қолданысқа енгізу бойынша әлемдік тәжірибемен бөлісу" тақырыбында семинар болып өтті.

Алматы. 5 қыркүйек. Kazakhstan Today - Алматыда "Рухани жаӊғыру" бағдарламасын жүзеге асыру аясында "U38" альянсы студенттерді "Community Service Learning" (Қоғамға қызмет көрсетуге оқыту-Обучение служению обществу) пәніне оқыту туралы бастама көтерді, деп хабарлайды Kazakhstan Today.

Осылайша, AlmaU университетінде 3 жылдан бері оқытылып келе жатқан "Community Service Learning" пәні енді Алматыныӊ басқа да оқу орындарында енгізілмекші.

Бұл шешім Алматыда 38 университет құрған "U38" альянсыныӊ "Community Service Learning" бағдарламасын енгізу бойынша әлемдік тәжірибені қолдану туралы семинарында мәлім болды.

Бүгін Алматыда ""Community Service Learning" бағдарламасын қолданысқа енгізу бойынша әлемдік тәжірибемен бөлісу" тақырыбында семинар болып өтті.

Almaty Management University ректоры Гүлмира Қорғанбаева аталған пәнніӊ студент жастарды тәрбиелеудегі маӊызы зор болатынын айтады.

"Қоғамға қызмет көрсету - "Рухани жаӊғыруға" негіз болатын бағдарлама болуы тиіс. Бұл бір жағынан, логикалық нәрсе болса, екінші жағынан жаӊа сапалы қадам. Біз университеттер қоғам дамуына қалай ат салысуы керектігін ойладық. Түлектеріміздіӊ мансап, табыс, жақсы жалақы, атақ қуып кетпей, түрлі оқиғаларға байланысты қиын жағдайға тап болғандар туралы да ойлауы тиістігін ескердік. Біз студенттердіӊ тек менталды ғана емес, эмоциялық ой-өрісін де дамытуымыз керек", ? дейді Гүлмира Қорғанбаева.


"Бүгін альянс мүшелері қоғамға қызмет көрсету бойынша білім беру әдістемелерін қолданысқа енгізуге әзірлік танытты. Қоғамға қызмет ету дегеніміз не? Бұл - адамдардыӊ қоғамныӊ игілігі үшін риясыз еӊбек етуге әзірлік танытуы. Сол себепті біз бұл құндылыққа мектеп және университет қабырғасынан бастап баулу қажет деген ойдамыз. Жастарымыз өздері еӊбек ететін қандай салада болмасын игілікті істер тындыруға дайын болғаны абзал. Қоршаған ортаға қатысты сала болмасын. Қаӊғыбас жануарлардыӊ күтімі болмасын. Зейнеткерлерге, ауыр жағдайда қалған отбасыларға көмекке келу болмасын, барлық салада дайын болу керек. Қаланы абаттандыру жұмыстары болмасын. Егер біз студенттерді осыған баули алсақ, осы құндылықты бойларына сіӊіре алсақ, қоғамға және адамдарға қызмет етуге әзірлік жағдайына келтіре алсақ, сонда ғана біз санасы жаӊғырған қоғам құра алғанымыз", - деді Ил- Фараби атындағы ҚазМҰУ әлеуметтік даму жөніндегі проректоры Шолпан Жаманбалаева.

AlmaU-дыӊ тіркеу кеӊсесініӊ жетекшісі Жұлдыз Елубаева университетте "Service Learning" пәнін оқыту бойынша тәжірибесімен бөлісті. Оныӊ айтуынша, бұл сабақта студенттер балалар үйіне, мүгедектер мен қарттар үйіне және басқа да әлеуметтік ұйымдарға барады. Балалар жұмыс істейтін жерін өзініӊ әлеуметтік икеміне қарай таӊдайды.


"Мен үшін де, студенттер үшін де жаӊа пән. Студенттер бір ай бойы университет қабырғасында сабақ оқиды, аудиторияларда. Дәрістер, тәжірибелік сабақтар және семинарлар. Сабақтарда біз студенттерді құрамаларға бөлеміз, сосын олар серіктес ұйымдарды таӊдаған соӊ жұмысқа кірісеміз. Жастардыӊ көбі мектепті жаӊа ғана тәмамдағанына қарамастан, жұмысқа дайын екенін мәлімдеуде. Бірінші курсқа келгендердіӊ 80%-ы бірінші күні-ақ дәрістен кейін келіп "Біз жұмыс істегіміз келеді, бұл бізге ұнайды", деп жатыр. Бізде Service Learning дәрісінен өтіп "Қызыл крест" қоғамында жұмыс істеп жүрген жастар бар. Бұған қоса олардыӊ өздері тренинг өткізуде. Алғашқы медициналық жәрдем көрсету бойынша. Бұл пәнді оқытуға барлық бірінші курстағы студенттер жаппай жұмылдырылған. Бірінші және екінші семестрде Service Learning міндетті пән ретінде оқытылады. Ал жылдыӊ аяғында олар түрлі әлеуметтік жобалар дайындайтын болады", - деді ALMAU университетініӊ оқытушысы Гүлнәр Сепулова.


Ол сондай-ақ, балалар жетімдер үйлерінде, ауруханалар мен басқа да әлеуметтік ұйымдарда тәжірибелік түрде жұмыс істей бастамас бұрын арнаулы тренингтен өтетінін атап көрсетті. Олар алдымен арнайы әзірленеді. Дәрістен өткеннен кейін студенттердіӊ санасы мен өмірге қатысты көзқарастары оӊ бағытта өзгеруде дейді ол.

Семинарға қатысушылар шараныӊ соӊында бұл бағытты одан әрі дамытып, аталған пәнді Қазақстанныӊ барлық жоғары оқу орындарында базалық пән ретінде енгізу қажеттігі туралы ұсыныстар айтты.

"Service Learning" бағдарламасы алғаш рет АҚШ-та дайындалып, сынақтан өткізілген. Кейін Аргентина, Чили және басқа да Еуропа елдеріне тараған. Бүгінгі күнге дейін елімізде мұндай пән болмады, оны енгізу AlmaU-дыӊ жаӊашыл қадамдарыныӊ бірі болып отыр.

Студенттер дәріс және практикалық сабақтарға қатысып, алған білімдерін кейін белгілі бір қоғамдық ұйымдарда тереӊдететін болады.


Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны