08.05.2015, 10:51 3698

Алматыдан 204 шақырым жерде жер сілкінді

8 мамыр күні Алматы уақыты бойынша түнгі сағат 00:21-де "ҚР БҒМ ҰК СТИЭ" ММ-ніӊ сейсмикалық стансаларыныӊ желісі жер сілкінісін тіркеді

Астана. 08 Мамыр. Kazakhstan Today - 8 мамыр күні Алматы уақыты бойынша түнгі сағат 00:21-де "ҚР БҒМ ҰК СТИЭ" ММ-ніӊ сейсмикалық стансаларыныӊ желісі жер сілкінісін тіркеді, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Оныӊ ошағы Алматы қаласынан солтүстік-шығысқа қарай 204 шақырым жерде Қазақстан аумағында орналасқан, деп хабарлайды inform.kz тілшісі.

Жер сілкінісініӊ энергетикалық класы - 8.6, магнитудасы - 4,0. Тереӊдігі - 25 шақырым.

Алматыда жер асты дүмпуі сезілген жоқ.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны