08.04.2015, 11:56 4501

Алматыдан 208 шақырым қашықтықта жер сілкінді

Бүгін 09 сағат 35 минут кезінде жер сілкінісі болды. Бұл мәліметті ҚР Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетініӊ Сейсмологиялық тәжірибелік әдістемелік экспедициясы мемлекеттік мекемесініӊ сейсмикалық стансалар желісі тіркеді

Астана. 8 сәуір. Kazakhstan Today - Бүгін 09 сағат 35 минут кезінде жер сілкінісі болды. Бұл мәліметті ҚР Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетініӊ Сейсмологиялық тәжірибелік әдістемелік экспедициясы мемлекеттік мекемесініӊ сейсмикалық стансалар желісі тіркеді, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі

Тербеліс эпицентрі Алматыдан оӊтүстік-батысқа қарай 208 шақырым жерде Қырғызстан аумағында болған, деп хабарлайды inform.kz тілшісі.

Жер сілкінісініӊ энергетикалық класы 9.0 болса, магнитудасы MPV 4.2, ал тереӊдігі 15 шақырымды құраған.

Сезілгендігі туралы мәліметтер жоқ.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны