10.06.2015, 10:05 3474

Алматыдан 220 шақырым қашықтықта жер сілкінді

10 маусым күні Алматы уақыты бойынша сағат 04:45-де "ҚР БҒМ ҰК СТИЭ" ММ-ніӊ сейсмикалық стансаларыныӊ желісі жер сілкінісін тіркеді

Астана. 10 Маусым. Kazakhstan Today - 10 маусым күні Алматы уақыты бойынша сағат 04:45-де "ҚР БҒМ ҰК СТИЭ" ММ-ніӊ сейсмикалық стансаларыныӊ желісі жер сілкінісін тіркеді, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Оныӊ ошағы Алматы қаласынан солтүстік-шығысқа қарай 220 шақырым жерде, Қазақстан аумағында орналасқан, деп хабарлайды inform.kz тілшісі.

Жер сілкінісініӊ энергетикалық класы - 8.8, магнитудасы - 4.1. Тереӊдігі - 15 шақырым.

Жер асты дүмпуі сезілген жоқ.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны