10.07.2015, 08:55 3177

Алматыдан 330 шақырым қашықтықта жер сілкінді

Алматы уақыты бойынша сағат 06.31-де "ҚР БҒМ ҰК СТИЭ" ММ-ніӊ сейсмикалық стансаларыныӊ желісі жер сілкінісін тіркеді

Алматы. 10 Шілде. Kazakhstan Today - Алматы уақыты бойынша сағат 06.31-де "ҚР БҒМ ҰК СТИЭ" ММ-ніӊ сейсмикалық стансаларыныӊ желісі жер сілкінісін тіркеді, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Оныӊ ошағы Алматы қаласынан оӊтүстік-батысқа қарай 330 шақырым жерде, Қырғызстан аумағында орналасқан, деп хабарлайды inform.kz тілшісі.

Жер сілкінісініӊ энергетикалық класы - 11,1, магнитудасы - 5,1. Тереӊдігі - 5 шақырым.

Алматыда жер асты дүмпуі сезілген жоқ.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны