16.01.2013, 09:38 3291

Алматыдан 331 шақырым қашықтықта жер сілкінісі тіркелді

Алматыдан 331 шақырым қашықтықта жер сілкінісі тіркелді. Жер асты дүмпулері Алматы облысы, Ұйғыр ауданының Кетмен ауылында сезілді, деп хабарлады ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі.

Алматы. 16-қаңтар. Kazakhstan Today - Алматыдан 331 шақырым қашықтықта жер сілкінісі тіркелді, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Алматыдан 331 шақырым қашықтықта жер сілкінісі тіркелді. Жер асты дүмпулері Алматы облысы, Ұйғыр ауданының Кетмен ауылында сезілді, деп хабарлады ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі.

"15 қаңтарда сағат 06.55-те Қытай аумағында жер сілкінісі болды. Оның ошағы Алматы қаласынан шығысқа қарай 331 шақырым жерде орналасты. Жер сілкінісінің координаттары 43о 34? с.е. және 80о 98? ш.б. энергетикалық санаты К=11,5, тереңдігі 0 шақырым", - делінген ақпаратта.

Баспасөз қызметі хабарлағандай, Алматы облысы, Ұйғыр ауданы, Кетмен ауылында MSK-64 шкаласы бойынша 3-4 балдық жер асты дүмпулері сезілді. Құрбандар мен зардап шеккендер туралы ақпарат түскен жоқ.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны