10.02.2015, 09:05 4325

Алматыдан 35 шақырым қашықтықта жер сілкінді

Жер сілкінісініӊ энергетикалық класы 8,9 болса, магнитудасы MPV 4.3, ал тереӊдігі 15 шақырым.

Алматы. 10 ақпан. Kazakhstan Today - Бүгін Алматыда сағат түнгі 01 сағат 35 минут кезінде жер сілкінісі болды. Бұл мәліметті ҚР Білім және ғылым министрлгі Ғылым комитетініӊ Сеймологиялық тәжірибелік әдістемелік экспедициясы мемлекеттік мекемесініӊ сейсмикалық стансалар желісі тіркеді, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Тербеліс эпицентрі Алматыдан оӊтүстікке қарай 35 шақырым жерде Қырғызстан шекарасында болған, деп хабарлайды inform.kz тілшісі.

Жер сілкінісініӊ энергетикалық класы 8,9 болса, магнитудасы MPV 4.3, ал тереӊдігі 15 шақырым.

Алматыда жер сілкінісініӊ дүмпуі сезілген жоқ.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны