17.02.2015, 16:02 3986

Алматыдан 371 км қашықтықта жер сілкінді

17 ақпан күні Қытай аумағында Алматыдан оӊтүстік-батысқа қарай 371 км қашықтықта жер сілкінісі тіркелді

Алматы. 17 ақпан. Kazakhstan Today - 17 ақпан күні Қытай аумағында Алматыдан оӊтүстік-батысқа қарай 371 км қашықтықта жер сілкінісі тіркелді, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.
«17 ақпан күні сағат 00:58-де жер сілкінісі тіркелді. Оныӊ ошағы Қытай аумағында Алматы қаласынан оӊтүстік-батысқа қарай 371 шақырым қашықтықта орналасқан. Энергетикалық санаты 9,9. Магнитудасы MPV 4,4.Тереӊдігі 0 км. Қалада жерасты дүмпулері сезілген жоқ (МSК-64 шкаласы бойынша)», - делінген «ҚР БҒМ ҒК СТИЭ» ММ сейсмикалық стансалар желісініӊ хабарламасында, деп хабарлайды bnews.kz тілшісі.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны