20.01.2015, 20:34 4242

Алматыдан 646 шақырым жерде жер сілкінісі болды

Жер сілкінісініӊ энергетикалық класы 11.7 болса, магнитудасы MPV 5.2, ал тереӊдігі 10 шақырымды құраған

Алматы. 20 қаӊтар. Kazakhstan Today - Бүгін Алматыда сағат 13:35 кезінде жер сілкінісі болды. Бұл мәліметті ҚР Білім және ғылым министрлгі Ғылым комитетініӊ Сеймологиялық тәжірибелік әдістемелік экспедициясы мемлекеттік мекемесініӊ сейсмикалық стансалар желісі тіркеген.

Тербеліс эпицентрі Алматыдан 646 шақырым жерде Қытай аумағында болған, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Жер сілкінісініӊ энергетикалық класы 11.7 болса, магнитудасы MPV 5.2, ал тереӊдігі 10 шақырымды құраған, деп хабарлайды inform.kz тілшісі.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны