25.06.2015, 10:58 3287

Алматыдажақын және алыс шетелдіӊ медиктері репродуктивтік және перинатальдық денсаулықты жақсарту мәселелерін талқылауда

Бүгін Алматыда белгілі акушер-гинеколог, анестезиолог-реаниматолог, неонатолог ғалымдардыӊ, жақын және алыс шетелдіӊ ғылыми қайраткерлерініӊ, 10 фармацевтикалық компаниялардыӊ өкілдерініӊ қатысуымен "Перинатологияныӊ өзекті мәселелері" атты екі күндік халықарылық ғылыми-практикалық конференциясы өз жұмысын бастады.

Алматы. 25 Маусым. Kazakhstan Today - Бүгін Алматыда белгілі акушер-гинеколог, анестезиолог-реаниматолог, неонатолог ғалымдардыӊ, жақын және алыс шетелдіӊ ғылыми қайраткерлерініӊ, 10 фармацевтикалық компаниялардыӊ өкілдерініӊ қатысуымен "Перинатологияныӊ өзекті мәселелері" атты екі күндік халықарылық ғылыми-практикалық конференциясы өз жұмысын бастады. Сондай-ақ іс - шараға Қазақстанныӊ медицина академиялары кафедраларыныӊ қызметкерлері, республиканыӊ барлық өӊірлерініӊ дәрігерлері қатысты, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Шараны өткізудіӊ мақсаты - репродуктивтік жастағы әйелдерге медициналық көмектіӊ сапасын жақсарту.

Ана өлімініӊ көрсеткіші жалпы елдіӊ медицинасыныӊ деӊгейін және акушерлік - гинекологиялық қызметініӊ сапасын сипаттайды. Ол денсаулық сақтау саласы жағдайыныӊ елеулі интегральдық индикаторы болып табылады. Мыӊжылдықты дамыту мақсаттарына сәйкес Қазақстан алдында ана өлімін 1990 жылғы бастапқы 75,8%-дан 2015 жылы 75%-ға төмендету мақсаты тұр, және 100 мыӊ тірі туған балаға 18,9-ға сәйкес болу керек.

"Саламатты Қазақстан" мемлекеттік бағдарламасыныӊ индикаторларына сәйкес ана өлімініӊ көрсеткіші 100 мыӊ тірі туған балаға 24,5-ке сәйкес болу керек. 2000 жылмен салыстырғанда ол 5 есе төмендеді және бүгінгі күні 100 мыӊ тірі туған балаға 11,7 құрайды.

Бұл нәтижелерге Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі деӊгейінен бастап медициналық-санитариялық алғашқы көмекке дейін барлық босандыру қызметініӊ жүйелі жоспарлы жұмысыныӊ арқасында қол жеткізілді. Бұл жұмыс бір мезгілде ұйымдастыру жұмысы, медициналық көмектіӊ сапасын арттыру мақсатындағы жаӊа диагностикалық, емдеу және профилактикалық шараларды енгізу және біліктілікті көтеру сияқты 3 бағытта жүргізілді.

Осыған байланысты еліміздіӊ емдеу - профилактикалық мекемелері 3 деӊгей бойынша өӊірлерге бөлінді, онда әр өӊірдіӊ қызметтері, міндеттері және мүмкіндіктері нақты белгіленді. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы ұсынған стандарттарға сәйкес жүктілікті және босануды жүргізудіӊ жаӊа технологиялары енгізілді. Дәрігерлердіӊ іс әрекеттерініӊ хаттамалары мен алгоритмдері әзірленді. Пренатальдық және неонатальдық скринингтердіӊ әдістері, ұрықтыӊ жатырішілік патологиясы кезіндегі фетальдық терапиясы енгізілді. Жүктіліктіӊ, ана өлімініӊ, ауыр жағдайдағы науқастардыӊ және нәрестелердіӊ регистрлері жасалды. Бұл өз кезегінде арнайы бригадалардыӊ келуі, науқастарды өз қолдарымен тасымалдау, емдеу және диагностикалау бойынша жедел телекеӊестер сияқты шұғыл шаралар қабылдауға мүмкіндік береді.

Атқарылған шаралар түсіктер санын 79% төмендету арқылы фертильдік жастағы әйелдердіӊ ұрпақты болу денсаулығын жақсартуға мүмкіндік туғызды. Тек ана өлімі ғана емес нәресте өлімі де, негізі бала өлімін құрайтын 1000 тірі туған балаға шаққандағы 13,4 дейін төмендеді.

Пренаталдық скрининг енгізу есебінен: УДЗ диагностикалау және генетикалық маркерлерін анықтау арқылы 1132 хромосомдық патологиясы бар және жүкті кезінде өлімге әкелетін туабіткен даму ақауы бар туылуы керек 8867 бала алдын ала анықталды. Соӊғы 6 жылда туылған балаларда туабіткен гипотериоз және фенилкетонурияныӊ 260 жағдайы анықталды, яғни бұл балалар мүгедек болмаған, олар оӊалту және қажетті терапиясын алуда.

Конференция қорытындысы бойынша диагностика, терапия және патологиялық жағдайлардыӊ алдын алудағы жаӊа көзқарастар және заманауи технологиялар аясында перинаталдық және ұрпақты болу денсаулығын жақсарту бойынша қарар қабылданады.

ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігініӊ баспасөз қызметі

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны