20.08.2018, 18:47 6724

Алматыға Малайзия елініӊ еӊ биік муралы ұлттық рекордыныӊ иегері Kenji Chai келеді

Kenji Chai - Малайзия елініӊ ұлттық рекорд иегері. Суретші Иуезов ауданы, Мамыр -3 шағын ауданында орналасқан 9 қабатты үйге үйге сурет салып өз қолтанбасын қалдырмақшы.

Алматы. 20 тамыз. Kazakhstan Today - Алматыда өтетін ІІІ Халықаралық "Mural Fest" фестиваліне Оӊтүстік Шығыс Азияныӊ атақты суретшісі Kenji Chai келеді. Kenji Chai - Малайзия елініӊ ұлттық рекорд иегері. Суретші Иуезов ауданы, Мамыр -3 шағын ауданында орналасқан 9 қабатты үйге үйге сурет салып өз қолтанбасын қалдырмақшы.

"Бұл өте қызықты фестиваль және мен өз мүмкіндіктерімді осы фестивальде барынша көрсеткім келеді. Алматы өте әдемі мегаполис, мен өзімніӊ суреттерім арқылы алмалы шаhарға жан бітіргім келеді"-дейді өз сөзінде Kenji Chai.

III Халықаралық "Mural Fest" фестивалі Қала күні аясында өз бастауын алды. Осы фестивальге қатысу үшін әлемніӊ ондаған мемлекетінен атақты суретшілер келеді.

Еӊ алғаш Бостандық ауданын Тимирязев Жароков көшелерініӊ қиылысында Украина елініӊ суретшісі Андрей Кравченко ғимараттыӊ қасбеттерін суреттермен безендірді. Ары қарай фестивальді Ресей мемлекетінен келген ZunClub командасы жалғастырады.

Сонымен қатар, қала көшелерінде қоғам қайраткері, лингвист, әдебиеттанушы, түрколог, аудармашы А.Байтұрсыновтыӊ, қазақтыӊ ұлы ақыны, қазақ жазба әдебиетініӊ негізін қалаушы Абай Құнанбаевтыӊ портретін көруге болады.

Қала тұрғындары мен қонақтары Қала күніне орай ұйымдастырылған 100-ге тарта мәдени іс-шараға қатыса алады.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны