26.10.2018, 11:35 7388

Алматыға тағы 200 жаӊа автобус келді

Алматыда жыл аяғына дейін жаӊа қоғамдық көліктіӊ үлесі 87%-ға дейін жететін болады.

Алматы. 26 қазан. Kazakhstan Today - Көлік реформасын жүзеге асыру аясында қаланыӊ жолаушылар көлігін жаӊарту одан әрі жалғасуда. Жұмыс сапары кезінде Алматы әкімі Бауыржан Байбек қалаға келген жаӊа автобустарды көрді.

Сыйымдылығы үлкен жаӊа автобустар №48 бағыт бойынша жүреді, сонымен қатар № 12, 19, 56, 70, 77, 123, 124, 137 бағыттар күшейтіледі.

Ертеӊнен бастап № 36, 51, 125 бағыттағы ескі газельдердіӊ орнына жаӊа автобустар қызмет көрсете бастайды, бұлар қозғалысы шектеулі жандар үшін қолайлы әрі тар көшелермен жүре алады. № 40, 46,122 бағыттар да кұшейтіледі.

Бұлардан өзге, № 59, 69, 71 бағыттарды жылжымалы состав толық жаӊарады. № 8, 44, 74 бағыттар бойынша қосымша автобустар шығады.

№205 бағыт бойынша жаӊа магистралды қозғалыс ашылады, ол Райымбек даӊғылы бойымен "Барлық" базарынан қаланыӊ батыс жағын және "Жетісу" базарыныӊ шығыс жағын қамтиды. Бұл бағыт бойынша жолаушыларға жаӊа 20 автобус қызмет көрсетеді.

Алматы агломерациясы бойынша жолаушыларды тасымалдау сапасын арттыру үшін Қаскелеӊ қаласына қатынайтын ұзындығы 12 метрлі автобустар жүретін жаӊа бағыт ашу жоспарлануда.

Алматы әкімі Бауыржан Байбек қазіргі кезде көлік саласында ашық нарықтық механизмдердіӊ жұмыс істей бастағанын атап өтті. Жылжымалы составты жаӊарту, арнайы жолақтар ашу арқасында жолаушылар ағыны артуда.

"Ескі әрі түтін шығаратын автобустар қалада жүруі тиіс емес. Егер көрсетілген қолдауға қарамастан жеке тасымалдаушы жылжымалы составты жаӊаламаса, онда олармен келісім бұзылады. Жаӊа технологияларды енгізіп, болашақта бір көліктен екіншісіне тегін ауысуды қарастырған жөн. Жолаушылардыӊ көлік жұмысына қанағаттануы - тасымалдаудыӊ басты критерийі. Жеке көлікті қазіргі деӊгейде ұстап тұру үшін лайықты балама ұсыну қажет", - деп атап өтті мегаполис басшысы.

Айта кетерлігі, қалаға жаӊадан келген төмен еденді ЛиАЗ маркалы автобустар кондиционерлермен, видеобақылау камераларымен жабдықталған және экологиялық сыныптағы Евро-5 стандартына сай. Жылжымалы составтыӊ дайындығына орай бағыттарға шығумен кезеӊмен атқарылады.

Алматыда жыл аяғына дейін жаӊа қоғамдық көліктіӊ үлесі 87%-ға дейін жететін болады.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны