29.03.2012, 10:09 3319

Алматылық алты жасар бала теміржол компаниясынан 2 млн теңге талап етуде

Өткен жылы өз анасы мен қорғаушысының көмегімен Қазақ мемлекеттік циркімен соттасып, 30 мың теңге өндіріп алған алты жасар Женя Головин "Жолаушылар тасымалы" АҚ-ға қарсы талап-арыз беруде.

Астана. 29-наурыз. Kazakhstan Today - Алматылық алты жасар бала теміржол компаниясынан 2 млн теңге талап етуде, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

BNews.kz ақпараттық агенттігінің хабарлауынша, өткен жылы өз анасы мен қорғаушысының көмегімен Қазақ мемлекеттік циркімен соттасып, 30 мың теңге өндіріп алған алты жасар Женя Головин "Жолаушылар тасымалы" АҚ-ға қарсы талап-арыз беруде.

Саяхат жасау кезінде пойыздың жылу беру жүйесі жұмыс істемей, балақай анасымен бірге науқастанып қалғаны үшін "Жолаушылар тасымалы" АҚ-дан бірден 2 млн теңге талап етуде. Өткен жылдың қаңтарында Женя Головин арыстан мен жолбарыстың қатысуымен ойын-сауық өткізетіні баяндалған әсерлі афишалар іліп, соңынан аңдарды алаңға шығармай қойған Қазақ мемлекеттік циркімен соттасқан еді.

"Мен пойызда жылу болуы тиіс деп есептеймін. Пойыз суық болды, мен тоңып қалдым. Науқастанып, көңіл-күйім бұзылды", - дейді алты жасар талапкер.

Сот үдерісі 16 сәуірде басталады. Айғақ ретінде мұз басқан вагонда түсірілген суреттер мен бейнелер ұсынылмақ.

Дегенмен, телеарна хабарлағандай, Женя мен оның анасы жолсеріктерге шағымданбайды. Олар тіпті, өздерінің жылы купелерін ұсынғанын айтады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны