21.07.2016, 20:37 4400

Алматылық атқыш Руслан Күлікбаев көздегенін жайратып салатын кәнігі мерген болып шықты

Руслан Күлікбаевты төрт күннен бері тергеуге алған тәртіп сақшылары оныӊ тағы да бірнеше қылмысын әшкереледі.

Алматы. 21 шілде. Kazakhstan Today - Алматыда алты адамды атып өлтірген Руслан Күлікбаевтыӊ басқа да қылмыстары ашылып жатыр. Лаӊкес кісі тонап, қарақшылық шабуыл жасаумен айналысқан дейді полицейлер. Бұған дейін екі рет істі болған Күлікбаев нәпақасын осылайша қылмыстық жолмен тауыпты. Қару ұстауды да сол кезде үйренсе керек. Лаӊкестіӊ тапанша мен ұӊғылы қаруды қатар қолдана алатын шеберлігіне кәсіби мамандар да таӊ қалып отыр, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Руслан Күлікбаевты төрт күннен бері тергеуге алған тәртіп сақшылары оныӊ тағы да бірнеше қылмысын әшкереледі. Лаӊкестіӊ төрт қарақшылық шабуылға және екі ұрлыққа қатысы бар екен. Яғни сұрақ-жауап кезінде қаскөй базар маӊын торып жүріп, азық-түлік арқалаған әйелдерге шабуыл жасағанын мойындапты. Тіпті тағы бір жолы жемтігін соққыға жығып, 500 мыӊ теӊгесін тартып алған. Осылайша еш жерде жұмыс істемейтін жігіт нәпақасын қылмыстық жолмен тауып келген дейді полицейлер, деп хабарлайды ktk-tv.kz тілшісі.

Ғазиз Нұрқаев, Алматы қалалық ІІД бастығыныӊ орынбасары:

-Күлікбаев әсіресе әйел адамдар мен қарсылық көрсете алмайтын қорғансыз жандарға шабуыл жасаған. Сондай-ақ оны 15 жасында отбасымен бірге әкесі тастап кеткен екен. Осы жағдай оныӊ бұрыс жолға түсуіне әсер еткен. Тергеу кезінде 2 әйел алғаны анықталды.

Тергеушілер лаӊкестіӊ өзге қылмыстарын әшкерелеп жатқанда, кәсіби мамандар оныӊ әр әрекетін зерттеуге кіріскен. Еліміздегі атқыштар қауымдастығыныӊ төрағасы, Руслан Күлікбаевтыӊ кез-келген қаруды қолдана алатынына назар аударыпты. Өйткені күдікті, атқан оғыныӊ бәрін де нысанаға дәл бағыттай білген. Бар-жоғы 24 минуттыӊ ішінде 30 оқпен 6 адамды жер жастандырып, жетеуін жаралауы сөзіме дәлел - дейді Александр Тен.

Александр Тен, Қазақстан мылтық атушылар қауымдастығыныӊ төрағасы:

-Таспаларды қарап отырып күдіктініӊ ұзын ұӊғылы қаруды жақсы ұстай алатынын байқадым. Бірақ кәсіби деӊгейдегі жауынгер дей алмаймын. Искер қатарында немесе өз бетінше атып үйренгені айдан анық. Мүмкін аӊшы болған шығар. Себебі оныӊ мергендігіне қарап қаруды қолына алғаш рет ұстап тұр деп айта алмайсыӊ.

Ал психолгтар Русланныӊ жүйке жүйесі де өте төзімді екенін айтады. Себебі көп жағдайда кісі өлтірген адам қолы қалтырап, сасқалақтап қалады екен. Ал лаӊкес керісінше көзіне түскен тәртіп сақшыларына оқ жаудырып, мейлінше көп адамды өлтіруге тырысқан.

Оксана Гулак, психолог:

-Күдіктініӊ бұл қылмысқа жоспарлы түрде барғаны анық. Қанды көрген сайын өршеленіп, алдына шыққанныӊ бәріне қару кезенді. Тіпті қорыққан жоқ, керісінше суыққанды болған.

Қаскөйдіӊ қаруды қайдан алғаны, атыс өнерін кімнен үйренгенін тәртіп сақшылары анықтайтын болады. Тіпті тергеу барысында басбұзардыӊ басқа да былықтары ашылуы мүмкін. Өйткені қазірдіӊ өзінде Руслан Күлікбаевқа алты бап бойынша айып тағылып, бұрынғы өткен өмірі бастан аяқ тексеріліп жатыр.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны