23.01.2007, 18:12 2870

Алматылық кәсіпкер әйел өз иелігіндегі ғимаратты аудандық әкімшілік заңсыз бұзды деп айыптауда

АЛМАТЫ. 23-қаңтар. Kazakhstan Today. Алматылық кәсіпкер Жәмилә Тәңірбергенова Иуезов аудандық әкімшілігінің іс-әрекеттеріне қатысты сотқа шағымданды. Бұл туралы ол бүгін журналистерге Алматыда өткен баспасөз мәслихатында хабарлады. "Кәсіпкер Иуезов ауданының әкімі Иділ Несіпбаевтың іс-әрекеттерін заңсыз деп тануды соттан сұрайды. Өйткені, оның бұйрығымен әйелге қарасты аялдама кешені соттың шешімінсіз бұзылған",- деді кәсіпкерлер мен жекеменшік иелерін қорғау одағының президенті Василий Резван шағымның мәніне қатысты түсініктемесінде.

АЛМАТЫ. 23-қаңтар. Kazakhstan Today. Алматылық кәсіпкер Жәмилә Тәңірбергенова Иуезов аудандық әкімшілігінің іс-әрекеттеріне қатысты сотқа шағымданды. Бұл туралы ол бүгін журналистерге Алматыда өткен баспасөз мәслихатында хабарлады.

"Кәсіпкер Иуезов ауданының әкімі Иділ Несіпбаевтың іс-әрекеттерін заңсыз деп тануды соттан сұрайды. Өйткені, оның бұйрығымен әйелге қарасты аялдама кешені соттың шешімінсіз бұзылған",- деді кәсіпкерлер мен жекеменшік иелерін қорғау одағының президенті Василий Резван шағымның мәніне қатысты түсініктемесінде.

Кәсіпкердің айтуынша, 2003-жылы ол "Шаңырақ-1" ықшамауданында жер телімін жалға алып, ол жерде сөйлесу бөлімшесі, тәулік бойы жұмыс істейтін дәріханасы мен ұялы байланыс телефондарын сататын дүкені бар аялдама кешенін салған. Алайда, Ж. Тәңірбергеновтың айтуынша, 2006-жылдың қыркүйегінде әкімшілік қызметкерлері оған кешеннің бұзылатындығы және оның орнына автотұрақ салынатыны туралы хабарлаған. Кәсіпкердің айтуынша, оған 15-17 мың теңге көлемінде өтемақы ұсынылған. Ал 6-қарашада әкімшіліктің қала құрылысы жөніндегі кеңесінде кешенді қирату туралы шешім қабылданып, 20-желтоқсанда барлық құрылыс құлатылды.

Тәуелсіз бағалаушылардың пайымдауынша, кәсіпкер сауда-саттық жабдықтарын қосқанда 300 мың доллар көлемінде шығынға ұшыраған. В.Резванның айтуынша, сауда-саттық жабдықтарын "КамАЗ-ға тиеп белгісіз бағытта алып кеткен".

Ж. Тәңірбергеновтың шағымы бойынша сот мәжілісі 25-қаңтарда Алматыдағы мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотта өтеді.

Ж. Тәңірбергеновтың айтуынша, оның арызы бойынша Иуезов аудандық прокуратурасы сонымен бірге 22-желтоқсанда бөтеннің мүлкін қасақана жою дерегі бойынша қылмыстық іс қозғады. Қазір осы іс бойынша Иуезов аудандық ІІБ-ында алдын-ала тергеу жүргізілуде.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны