26.01.2015, 16:18 4160

Алматылық келіншек сәбиін 180 мыӊ теӊгеге сатып жіберген

Алматы полициясы 1 айлық сәбиін 180 мыӊ теӊгеге сатпақ болған әйелді ұстады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі қалалық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып

Алматы. 26 қаӊтар. Kazakhstan Today - Алматы полициясы 1 айлық сәбиін 180 мыӊ теӊгеге сатпақ болған әйелді ұстады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі қалалық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Алматы облысы, Іле ауданыныӊ 27 жасар тұрғыны 19 желтоқсанда Алматы перзентханаларыныӊ бірінде босанған, деп хабарлайды inform.kz тілшісі.

"Аталған азаматша нәрестені саудалауды бұрыннан ойластырып жүрген екен. Аяғы ауыр кезден өзініӊ баласын сатып алатын адамдарды іздеген. Ана бақытын аӊсап жүрген жалғызбасты әйел бірден табылды. 1 айлық қыз бала 180 мыӊ теӊгеге бағаланды. Екі мәмілегер кешкі 7 шамасында Бостандық ауданында кездесіп саудаласып жатқан жерінен ұсталды", - деді қалалық ІІД ұйымдасқан қылмыспен күрес басқармасыныӊ басшысы Таӊат Назанов.

Полиция қызметкерлері тінту кезінде босанған әйелден 180 мыӊ теӊгені тәркіледі. Келіншек өзініӊ жымысқы жоспары барын бірден мойындады. Сұрақ-жауап алу барысында ол осыған дейін де екі бала туып, перзентханаларға қалдырып кеткенін айтқан.

Қазір оған қатысты ҚР ҚК 135 бабына сәйкес (кәмелетке толмаған балаларды сату, саудалау) қылмыстық іс қозғалды.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны