22.10.2012, 13:28 3181

Алматылық оқушыларға дербес индентификациялық нөмірлер мектеп қабырғасында берілмек

Дүйсенбіде таралған хабарламаға қарағанда, бұл шараның қабылдануына себеп болған нәрсе кейбір мектептердің оқушыларға дербес индентификациялық нөмірлердің жылдам берілуін талап етуі, сәйкесінше халыққа қызмет ету орталықтарында кезекке тұрғандар көбейіп кетті.

Алматы. 22-қазан. Kazakhstan Today - Алматыда арнайы топтар құрылды, олар оқушыларға дербес индентификациялық нөмірлерді мектеп қабырғасында беретін болады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Бұл туралы Алматы қаласының ішкі істер департаментінің баспасөз қызметінен хабарлады.

Дүйсенбіде таралған хабарламаға қарағанда, бұл шараның қабылдануына себеп болған нәрсе кейбір мектептердің оқушыларға дербес индентификациялық нөмірлердің жылдам берілуін талап етуі, сәйкесінше халыққа қызмет ету орталықтарында кезекке тұрғандар көбейіп кетті.

"Осы орайда ата-аналарға хабарлаймыз, азаматтарға ыңғайлы болу үшін білім беру басқармасының басшылығымен бірлесе отырып арнайы топтардың мектепке бару кестесі жасалды", деді ІІД көші-қон полициясы басқармасының тіркеу және құжаттау бөлімінің бастығы Ийкен Қасымова.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны