21.12.2015, 17:24 3762

Алматылық полицейлер ұялы телефон ұрлығын азайтудыӊ тыӊ тәсілін тапты

Бұдан былай қолды болған смартфондарды түгел бұғаттап тастамақ. Яғни телефоныӊызды жоғалтып немесе ұрлатып алсаӊыз тәртіп сақшыларына арыз жазып, оны уақытша өшіріп қоюға болады екен. Бұл телефон ұрлығын тыюдыӊ еӊ тиімді жолы деген сенімде полицейлер

Алматы. 21 желтоқсан. Kazakhstan Today - Бұдан былай қолды болған смартфондарды түгел бұғаттап тастамақ. Яғни телефоныӊызды жоғалтып немесе ұрлатып алсаӊыз тәртіп сақшыларына арыз жазып, оны уақытша өшіріп қоюға болады екен. Бұл телефон ұрлығын тыюдыӊ еӊ тиімді жолы деген сенімде полицейлер, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Телефонын жоғалтып жер сипап қалғандардыӊ бірі Рашит Ілиясов. Жас жігіт смартфонын көліктіӊ артқы орындығында қалдырып кетіпті. Бірақ іле шала іздегенімен таппаған. Қанша қоӊырау шалсам да телефонымды алған адам тұтқаны көтермеді - дейді, деп хабарлайды www.ktk.kz тілшісі.

Рашит Ілиясов, Алматы қаласыныӊ тұрғыны:

-Арыз жазғым келген. Бірақ маған телефоныӊды ешкім ұрлаған жоқ, өзіӊ жоғалтып алдыӊ. Сондықтан шағымдана алмайсыӊ деді.

Алайда бұдан былай жоғалған және ұрланған телефондар бірден бұғатталатын болады. Яғни тәртіп сақшылары ұялы байланыс операторларымен осындай келісімге келіп отыр. Қолды болған телефондар үш күн ішінде IMEI код арқылы өшірілмек. Сондықтан оны ұрлап алушы да сатып алушы да ары қарай қолдана алмайды.

Салтанат Изірбек, Алматы қалалық ІІД ресми өкілі:

-Ұрланған зат қылмыскерлердіӊ пайдасына жүзеге аспас үшін оларды біз шектеп қоямыз. Яғни ұялы операторға жәбірленушініӊ арызын тіркеу бойынша, тергеушініӊ қаулысымен шектейміз. Бұл арыз жәбірленушініӊ қолына берілмейді өзі апарудыӊ да қажеті жоқ тергеу аясында тергеуші өзі тапсырады.

Алайда байланыс операторлары ұрланған телефондарды бұғаттаудан бас тартуы да мүмкін екен. Яғни телефон нөмірі өз атыӊызға тіркелмеген жағдайда немесе құжаттары болмаса шектеу қоюға мүмкіндік жоқ.

Олжас Бибанов, ұялы байланыс операторыныӊ өкілі:

-Егер телефон бұғатталса оныӊ IMEI кодын бұзып, смартфонды ашу мүлде мүмкін емес. Техникалық тұрғыдан қорғалған. Мұндай жағдайда ұрланған телефондарды тек қосалқы бөлшек ретінде пайдалануға болады.

Блокталған телефондар тек бір жылдан кейін қайта іске қосылуы мүмкін. Алайда телефон тез табылып жатса оны ертерек бұғаттан шығарып алуға мүмкіндік бар.

-Қымбат гаджеттер қазір сұғанақтардыӊ оӊай олжасына айналған. Себебі Алматыда әлі күнге телефон ұрлығы тыйылмай тұр екен. Тәртіп сақшыоларыныӊ мәліметінше, қаладағы ұрлық-қарлықтыӊ 60 пайызын дәл осы телефон ұрлығы құрайды. Сондықтан сақшылар жаӊа жоба жүзеге асса бұл көрсеткішті 25 пайызға дейін қысқартуға болады дейді. Демек бұдан былай бұғатталған телефондар қажетсіз бұйым болып қала бермек.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны