14.06.2017, 13:39 3263

Алматылық режиссер Арал теӊізі жайлы фильм түсірді

Алматыда режиссер Жаннар Шораеваныӊ "Ақырғы теӊізге" атты фильмніӊ тұсаукесері өтті.

Қызылорда. 14 маусым. Kazakhstan Today - Алматыда режиссер Жаннар Шораеваныӊ "Ақырғы теӊізге" атты фильмніӊ тұсаукесері өтті. Сценарий бір күнде жазылып, фильмніӊ өзі 10 күнде түсіріліп біткен. Тартылған теӊіз бен оныӊ жағасын мекен еткен жандардыӊ тағдыры туралы туынды алдағы уақытта көрерменге жол тартпақ.

Мазмұны өте қарапайым болып көрінгенмен, бұл фильм өзініӊ шынайылығымен көрерменді баурап алары сөзсіз . Суы тартылып, құрдымға кетіп бара жатқан Арал теӊізініӊ жағасында Фатима өзініӊ он жастағы немересі Асланмен бірге тұрады.

Осы құлазыған қу далаға, үлкен қаланыӊ мазасыз тіршілігінен мезі болған Гауһар есімді жас қыз келеді. Осы адамдар құрғаған теӊіздіӊ жағасында тұрған кемелер сияқты екінші мүмкіндік пен қайта жаӊғыруға шын көӊілдерімен сенеді. Жас режиссер өзініӊ тырнақалды туындысында, тартылған теӊіз бен оныӊ жағасын мекен еткен адамдардыӊ аянышты тағдырын ұштастыра білген.

"Мен бұл сценариді басында берген кезде бірден түсем дедім. Өйткені сценарий ұнады. Бағасын өздеріӊіз бере жатасыздар", - дейді актриса Райхан Айтқожанова.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны