19.06.2013, 10:16 2787

Алматылық салықшылар қарызын төлемеген азаматтың жер телімін аукцион арқылы сатты

BNews.kz ақпараттық агенттігінің хабарлауынша, борышкерге қатысты барлық шаралар атқарылғанымен ол қарызын ақыры төлемеген. Сондықтан азаматқа тиесілі мүлік есептен шығарылып, саудаға түсті.

Алматы. 19-маусым. Kazakhstan Today - Алматы қалалық салық органы ұзақ уақыт бойы салығын төлемеген азаматқа тиесілі жер телімін аукцион арқылы сатты, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

BNews.kz ақпараттық агенттігінің хабарлауынша, борышкерге қатысты барлық шаралар атқарылғанымен ол қарызын ақыры төлемеген. Сондықтан азаматқа тиесілі мүлік есептен шығарылып, саудаға түсті.

Жер телімін сатудан түскен қаржы салық қарызын төлеу үшін бюджетке аударылды.

Атап өтерлігі, ағымдағы жылдың алғашқы бес айында аукцион арқылы 32 қарызы бар кәсіпорынның активі сатылып, мемлекет қазынасы 95,8 млн теңгемен толықты.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны