29.03.2007, 14:39 2989

Алматылық шенеуіктердің заңды белден басып, тиісті жазаларын алмауы республикадағы жағдайды тұрақсыздандырады - қоғамдық ұйым өкілдері

АЛМАТЫ. 29-наурыз. Kazakhstan Today. Алматылық шенеуіктердің заңды белден басып, тиісті жазаларын алмауы республикадағы жағдайды тұрақсыздандырады, деп мәлімдеді қоғамдық ұйым өкілдері, олардың арасында ұлтшыл-патриоттардың лидері Дос Көшім және басқалары да бар.

Баспассөз мәслихатында таратылған хабарламада, "Бақай" және "Шаңырақ" Алматы ықшам аудандарындағы бассыздыққа қатысқан шенеуіктердің заңды белден басып, тиісті жазаларын алмауы, республика бойынша кері ағымның белең алуына әкеп соқтырды", делінген. Құжатта көрсетілгендей, " соның салдарынан Қазақстанның барлық аймағында жергілікті билік өздеріне бағынышты "Алматыжер" секілді құрылымдармен және жеке құрылыс компанияларымен одақтасу арқылы қарапайым азаматтарға қатысты бассыздыққа жол берілуде. Азаматтардың баспаналарын , жер учаскелерін мемлекеттің пайдасына деген желеумен тартып алуда, немесе тартып алмақ". "Жергілікті билік және оларды қолдаушы құрылыс компаниялары өз әрекеттерімен республикадағы қоғамдық саяси жағдайды "Шаңырақтағы" жағдайдан тұрақсыздандыруға түрткі болып отыр", деп мәлімдеді баспасөз мәслихатына қатысушылар.

Олардың айтуынша, "Шаңырақтағы" қайғылы жағдайға "қала әкімі Иманғали Тасмағамбетов басқаратын әкімшілік шенеуіктері жауапты". Хабарламада көрсетілгендей, "олардың мәселені шешу барысында жасаған әрекеттері , арнайы ұйымдастырыған акция". "Алматы әкімшілігі " Шаңырақ" тұрғындарын әдейі айдап салып қана қоймай, өздерін сот атқарушылары институттарымен алмастырды. Бұл жәйт сот жүйесі өкілдерінің заң мен әділеттікке емес, атқарушы билікке бағынышты екенінің тағы бір айғағы. Бұл жағдайда соңғылары өз құзыреттерін асыра пайдаланды", делінген құжатта.

"Жергілікті биліктің әрекеттері, өз жер учаскелері мен баспаналары үшін қарсы тұрған азаматтарды жаңа наразылық акцияларына итермелеуде",-дейді қоғамдық ұйым өкілдері.

Осыған байланысты қоғамдастық өкілдері Алматыдағы жағдай Қауіпсіздік Кеңесінің бақылауына алынуы тиіс , деп есептейді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны