30.01.2007, 17:11 3285

Алматылық ұйымдастырушылар қазіргі саяси әдістің және құралдың азғындауы Еуразиялық медиа форумның басты тақырыбына айналады, деген сенімде

АЛМАТЫ. 30-қаңтар. Kazakhstan Today. VI Еуразиялық медиа-форумды дайындау және өткізу жөніндегі ұйымдастыру комитетінің алматылық тобы қазіргі саяси әдістің және құралдың азғындауы, 19-21 сәуірге жоспарланған шараның лейтмотивіне айналады деген сенімде. Бұл жөнінде Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі хабарлады.

Форумның бас продюсері Владимир Рерих, Алматыда өткен брифингте ұйымдастыру комитеті топтарының арасында осы мәселеге байланысты бірқатар идеологиялық қайшылықтар пайда болғанын айтып өтті. "Алматыдағы штаб пәтері қазіргі саяси әдістің және құралдың азғындауы тақырыбын ЕАМФ лейтмотиві ретінде ұсынып отыр. Бұл тақырып Лондоннан қолдау таппады. Біздің лондондық серіктестіктеріміз үшін, мұндай тым өткір тұжырымдама саяси әдепсіздікке жатады",- дейді В. Рерих.

Оның айтуынша, әлемдегі соңғы оқиғалар халықаралық саясаттың принциптері мен әдістерінің "анық азғындау сипатына ие болғанын" аңғартады. Атап айтқанда, В. Рерих Саддам Хусейіннің жазасын, Сомалидегі бомбалауды, Иракта американдық әскерилер санының көбейуін еске салды. "ЕАМФ Алматыдағы штаб-пәтерінің барынша қатаң тұжырымдаманы ұсынып отырғаны бекер емес", деді В. Рерих. Оның айтуынша, Лондонда "бұл жәйттке кеңестік риториканың белгісі деп қарайды".

В. Рерихтың мәліметтеріне сүйенсек, қазіргі кезде алматылық штаб форумның лондондық тобымен "белсенді түрде хат алысуда". "Біз өз ұстанымыздан таймаймыз, ортақ мәмілеге келеміз деген сенімдеміз", деді ол.

В. Рерихтың сөзіне жүгінсек, "медиа-форумның өзегі дайын". Нақтырақ айтсақ, "Қазақстанның ЕҚЫҰ төрағалық етуі - "иә" және "қарсы", "Бұрынғы КСРО елдеріндегі медиа салансын және бостандықты реттеу", "Құбыр саясатының ерекшелігі", "Ядролық бағдарлама дербестік құқығы немесе қатерлі менмендік", "Еуразия: аймақтық қауіпсіздік сауалдары мен жауаптары" және т.б тақырыптар бойынша сессиялар өткізу жоспарланған.

"Қазақстанның ЕҚЫҰ төрағалық етуі - "иә" және "қарсы" сессиясына модератор ретінде белгілі ресейлік тележурналист Владимир Соловьев шақырылған. Сонымен қатар, ұйымдастырушылар форумға, қазіргі кезде Украинада тұрып жатқан белгілі тележүргізуші Савик Шустер қатысады деген сенімде. "Ол қарсы емес, бірақ оның форумға қатысатынына күмән келтіретін проблемалар туындады",- деп хабарлады В. Рерих.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны