14.06.2007, 14:07 2663

Алматылық зейнеткер әйел қала әкімінің орынбасарын жер телімін басып алды деп кінәлауда; ал әкімнің орынбасары заң шеңберінде әрекет еткенін айтады

Алматылық зейнеткер әйел қала әкімінің орынбасарын жер телімін басып алды деп кінәлауда; ал әкімнің орынбасары заң шеңберінде әрекет еткенін айтады

АЛМАТЫ. 14 - маусым. Kazakhstan Today. Алматы қаласының тұрғыны Раиса Колобаева қала әкімінің орынбасары Серік Сейдумановты "Көктөбе - 2" ықшамауданының маңындағы жер телімін басып алды деп кінәлауда; өз кезегінде әкім орынбасары заң шеңберінде әрекет еткендігін айтады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

"2004 жылы "Көктөбе-2" мекенжайындағы үйімді сатып алдым. Үйдің іргесінде осы маңайдағылар қоқыс тастап жүрген жыра орналасқан болатын. Мен оны жөндеуге шешім қабылдадым", - деді кеше өткен баспасөз мәслихатында зейнеткер Р. Колобаева. Оның айтуы бойынша, 2005 жылы ол әкімшілікке аумағы 9 сотты құрайтын аталмыш жер телімін өзіне тіркеу жөнінде өтініш жасаған. "Мен барлық келісу қажет мекемелердің алдынан өтіп шықтым. Және соңғы кездесу Медеу ауданының сәулетшісімен болды. Ол жер телімі көшкін қаупі бар жыраның етегінде орналасқан, деп маған рұқсат беруден бас тартты", - деп атап өтті зейнеткер.

2006 жылы Раиса Колобаева жер телімін заңдастыруға өтініш берген. Алайда, жер телімі Серік Сейдумановтың жеке меншік құқы бекітілген жерде орналасуы себепті өтініші қабылданбаған. Раиса Колобаеваның түсіндіруі бойынша, жер теліміне меншік құқын беретін акт құжатын әкімнің орынбасары Серік Сейдуманов зейнеткер жер телімін заңдастыруға өтініш берерден екі күн бұрын ғана алған.

"Мен жерді меншіктену актысының Сейдумановқа берілудің заңсыз екендігін айтып қаржы полициясына арыз жаздым", - деді Р. Колобаева. Қаржы полициясы тексеру барысында Медеу аудандық сәулет және құрылыс бөлімінің бастығының әрекетінде ешқандай қылмыстық жазаға лайықты қылмыстық құрамның жоқ екендігі, сонымен қатар, жемқорлық құқық бұзушылық белгілері қарастырылып жатқандығын айтып қаулы шығарған.

Осы секілді арызды Р. Колобаева қалалық прокуратураға да жолдаған. Оны Медеу ауданының прокуроры қараған. "Прокурор жауабында маған 2005-жылы сұралған жер телімін қосып бермеу мәселесіне байланысты лауазымды тұлғалардың әрекетіне сотқа шағымдануға құқым бар екені жазылған", - деп атап өтті зейнеткер.

Зейнеткердің айтуы бойынша, ол өз құқығын пайдалана, сотқа аталған шешімге риза еместігіне байланысты арыз-шағым түсіріп үлгермеген. "Сейдуманов сотқа жер телімінің бөлшегін босатуымды талап еткен шағым түсірген", - деді зейнеткер. Алайда, сот отырыстарына Р. Колобаева өз ұлының кенет қайтыс болуына байланысты қатыса алмаған. "Сот Сейдумановтың пайдасына сырттай шешім шығарған. Бірақ мен өз құқығымды қорғайтын боламын", - деді Р. Колобаева.

Өз кезегінде Алматы қаласы әкімінің орынбасары Серік Сейдуманов Kazakhstan Today агенттігіне берген сұхбатында заң шеңберінде ғана әрекет етіп жатқандығын хабарлады. "Соттың шешімі бар. Барлығы құқық аясында ғана шешіліп жатыр", - деп атап өтті С. Сейдуманов. Оның сөздеріне сенсек, 6 ай көлемінде зейнеткерге ешқашан еш нәрсе істемеген. Сондықтан, сотқа арыз беруге мәжбүр болған. "Сот отырысы төрт рет белгіленді. Алайда ол сот отырыстарына келген емес. Онымен қоймай, ешқандай құжат та, ұғынықты жауап та берген емес", - деді әкім орынбасары.

Сондай-ақ, Серік Сейдуманов лауазымдық құзыретін асыра пайдалануға байланысты айыптаулар еш негізсіз екендігін айтты. "Бұл жерде менің қызметім, қайта керісінше, менің құқымды бұзып отыр. Себебі мен ол секілді қоқан-лоққы жасап немесе бопсалай алмаймын. Мен заң шеңберінде ғана әрекет ете аламын. Бұдан әрі іс тек қана құқықтық шеңберде ғана жүрмек", - деп сөзін қорытындылады қала әкімінің орынбасары Серік Сейдуманов.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны