28.05.2018, 21:21 7933

Алматылықтар "Бозторғай" байқауы таланттарыныӊ өнерін үш күн бойы тамашалайды

Жас конкурсанттардыӊ орындаушылығын өте сыйлы әрі кәсіпқой әділ қазылар бағалайды. Қазылар алқасы мүшелерініӊ аттарын атап шыққанда-ақ осы байқаудыӊ деӊгейі қаншалықты жоғары әрі маӊызды екені білінеді.

Алматы. 28 мамыр. Kazakhstan Today - Үш күн бойы (28,29,30 - мамыр) қала тұрғындары мен қонақтары сағат 10.00 мен 19.00 аралығында Алматы қаласыныӊ орталық саябағында "Бозторғай" 20-шы байқауыныӊ жас таланттарыныӊ өнерін тамашалайды. Бұл туралы Алматы қаласы Өӊірлік коммуникациялар қызметініӊ алаӊындағы баспасөз конференциясында айтылды.

Баспасөз конференциясы барысында "Бозторғай" балалар шығармашылығы халықаралық байқауыныӊ директоры Қарлығаш Ибдікәрімова 1-ші маусым балаларды қорғау күні жарыс жеӊімпаздарыныӊ гала-концерті және лауреаттарды марапаттау рәсімі өтетінін хабарлады.

"Жас конкурсанттардыӊ орындаушылығын өте сыйлы әрі кәсіпқой әділ қазылар бағалайды. Қазылар алқасы мүшелерініӊ аттарын атап шыққанда-ақ осы байқаудыӊ деӊгейі қаншалықты жоғары әрі маӊызды екені білінеді. Вокал және халық орындаушылар номинациясы бойынша әділ қазылар алқасыныӊ бас төрайымы - Кеӊес Одағыныӊ халық әртісі, Социалистік Еӊбек Ері, академик Бибігүл Ахметқызы Төлегенова, Хореография және сән театры номинациясы бойынша Қазақстан Халық әртісі, профессор Болат Аюханов",-деп атап өтті ол.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны