15.05.2007, 16:30 3059

Алматылықтар "GSM Қазақстан" ұялы байланыс операторының байланысына шыға алмай отыр

АЛМАТЫ. 15 - мамыр. Kazakhstan Today. Бүгін Алматылықтар "GSM Қазақстан" ұялы байланыс операторының байланысына шыға алмай отыр, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Бір жарым - екі сағат бойы K'cell және Activ жүйесінің шеңберінде де, қалалық телефондарға да байланысқа шығу мүмкін болмай отыр. Соған қарамастан, оператор қала әкімшілігінің атынан СМС-хабарламаларды ойдағыдай жіберіп отыр. Ал тұтынушылардың ұялы телефондарына жүйеде қолайсыздықтардың болуы мүмкін екендігі туралы ешқандай ескерту түспеген.

"GSM Қазақстан" абоненттік бөлімдерінің қалалық телефондары ұдайы бос болмағандықтан, қиындықтардың себебін тек қазір ғана білуге мүмкіндік туды. "Желіде техникалық жұмыстар жүріп жатыр",- деп хабарлады алматылық абоненттік бөлімнің операторы. Ол "бүкіл Алматы бойынша, K'cell мен Activ желісіндегі қолайсыздықтар алдағы сағаттарда қалпына келтіріліп, байланыстың реттелетіндігіне" уәде берді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны