02.08.2018, 18:04 4351

Алматылықтар қала күніне орай әлемдегі еӊ үлкен құрақ көрпені тігіп бітірмекші

Бұл Қала күніне орай мегаполис тұрғындарына арналған тарту болмақ. Алып ұлттық өнер туындысы қала күніне орайластырылған мерекелік фестиваль кезінде Тұӊғыш Президент саябағыныӊ сәнін келтіретін болады

Алматы. 2 тамыз. KazakhstanToday- Ені 2,5, ал жалпы ұзындығы 4 мыӊ метр, жалпы аумағы жиырма бес жарым мыӊ шаршы метр болатын алып құрақ көрпе қыркүйек айыныӊ басында тігіп бітірілмек. Бұл Қала күніне орай мегаполис тұрғындарына арналған тарту болмақ. Алып ұлттық өнер туындысы қала күніне орайластырылған мерекелік фестиваль кезінде Тұӊғыш Президент саябағыныӊ сәнін келтіретін болады, деп хабарлайды KazakhstanToday "Вечерняя Алматы" газетіне сілтеме жасап.

"Рухани жаӊғыру" бағдарламасы аясындағы бұл жобаны өмірге әкелуде қала тұрғындарына Алматы қаласы Орталықтандырылған кітапхана жүйесі жәрдемдесуде. Бұл идеяны кітапханашылардыӊ қолдауы кездейсоқ оқиға болмаса керек. Өйткені, кітаптар секілді миллиондаған бөлшектерден құрастырылған құрақ көрпе де дүниені тануды сипаттаса керек.

Жобаныӊ штабы Крылов атындағы балалар кітапханасында орналасқан. Матаны ала келіп, осы жерде құрақ көрпе құрастыру бойынша шеберлік сабағына қатысуға болады. Жіп иіріп, ине сабақтаған ісмер әйелдер оны тігудіӊ техникалық құпиясымен бөлісіп қана қоймай, халықтық қолөнердіӊ осы түрініӊ дүниеге келу тарихы туралы да әӊгімелеп береді.

Орталықтандырылған кітапхана жүйесініӊ директоры Роза Қабиева атап өткендей, қаладағы барлық кітапханада қазақ мәдениеті мен тұрмысыныӊ ажырамас бөлігі саналатын құрақ көрпеніӊ туу тарихы және халықтыӊ шығармашылығына арналған кітап көрмелері ұйымдастырылуда. Кітапханашылар құрақ көрпе және оныӊ пайда болу тарихына қатысты кітаптарды оқырман назарына ұсынуда. Жобадан хабардар болған келушілер бұл тақырыпқа қызығушылық танытып атсалысуда. Шеберлік сабақтарына өздері ғана келіп қоймай, тамыр-таныстарын да ерте келуде. Ал олар құрқол келмей, рекордтық мөлшердегі көрпені құрастыруға қажетті маталарды да ала келуде.

"Біздіӊ жобамыздыӊ шеӊберінде адамдар арасында таныстық орнап, қызғылықты идеялар өмірге келуде. Осылайша, акция адамдарды біріктіруге бағытталған өзініӊ басты мақсатына қызмет етуде", - деді Роза Қабиева.

"Құрақ көрпеніӊ тарихына үӊіліп көрелікші, - дейді ол. - Бір жағынан мозаикаға ұқсас бұл техниканыӊ пайда болуына тұрмыста әйелдердіӊ мата қалдықтарын барынша қалдықсыз пайдалануға деген үнемшілдік мақсаты себеп болса керек. Екінші жағынан олар көркем дүние көз сүйіндірсін деп тұрмысын сәндеуге тырысқаны айқын. Бұл өз кезегінде түрлі көзқарастар мен шығамашылық ізденістерге алып келді. Бүгін біз қалдықсыз өндіріс, тыӊ дизайнерлік шешімдер туралы көп айтамыз, бұйымдардыӊ экологиялық сипатына қатысты жаӊаша талаптар пайда болды. Бұлардыӊ барлығы да ата-бабамыздан мұраға қалған мәдени біртуар туынды - құрақ көрпені тігу технологиясына тән".

"Бұл жобаға шетелдік қонақтар да қызығушылық танытуда, - дейді Алматы қаласы Орталықтандырылған кітапхана жүйесініӊ әдістеме бөліміні? ме?герушісі Наталья Коваленко. - Көпе құрастыру техникасымен танысу оларға қазақ халқыныӊ философиясымен танысуға түрті болуда. Көптеген ұсақ бөлшектерден бір үлкен біртұтас нәрсе құрастыру қазақтардыӊ дүниеніӊ жаратылысы туралы түсінігінен хабар береді.

Ирбір құрақ бөлшегі белгілі бір нышандық мәнге ие. Қазақтыӊ басқа да қолөнер бұйымдарындағыдай, құрақ көрпеніӊ түсі де мыӊдаған ғасырлардан бері қарапайым аллегориялық символикаға негізделді. Мәселен, көк түс әрдайым аспанды, қызыл түс - күнді, сары түс - сана мен қайғыны, қара түс - жерді, жасыл түс - көктемді меӊзеді.

Белгіленген мерзімде құрақ көрпені тігіп бітіру үшін ниет білдірушілерді оны құрастыруға атсалысуға шақыруда. Осылайша, әрбір қатысушы тарихта қалады.

"Біз акцияға қатысушылардыӊ барлығын тіркеп жатырмыз. Бізге жәрдемдесіп жатқан қала тұрғындарыныӊ, ЖОО студенттерініӊ аты-жөндерін жазудамыз. Бұл ел тарихы үшін маӊызды. Ниет білдірушілер тіпті өз құрағынан бренд жасап, оған өз отбасыныӊ нышан белгісін тіге алады. Көпшіліктіӊ күш салуыныӊ арқасында құрақ көрпе аяқталуға жақын. Жұмыстар қызу жалғасып жатыр, - деді Наталья Коваленко.

Роза Қабиева еске салып өткендей, мереке аяқталған соӊ ұлттық құрақ көрпе құрақтарға бөлініп, еліміздіӊ түрлі мұражайларында Алматы тарихыныӊ бөлшегіндей сақталатын болады.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны