22.03.2011, 12:41 8957

Алматылықтар Наурыз мерекесін тойлауда

Кеше Алматының "Астана" алаңында Наурыз мерекесін тойлау шарасы ресми түрде ашылды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Алматы. 22 - наурыз. Kazakhstan Today - Кеше Алматының "Астана" алаңында Наурыз мерекесін тойлау шарасы ресми түрде ашылды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Қала әкімінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, қала тұрғындары мен қонақтары үшін Қазақстанның өнер шеберлерінің қатысуымен ұлттық спорт ойындары, театр қойылымдары ұйымдастырылып, мерекелік концерт қойылды. Сонымен қатар, "Қазақ аулы" киіз үйлер тігіп, қолөнершілердің көрмесі ашылды. Салтанатты шараға келгендердің барлығына тегін наурыз-көже мен палау ұсынылды.

Қала әкімі Ахметжан Есімов қала тұрғындарын Ұлыстың ұлы күнімен құттықтады.

"Наруыз халқымыздың мәдениеті мен салт-дәстүрінің көрнісі. Ол сондай-ақ, бірліктің берекенің бастауы, достастық пен бейбітшіліктің тұрақтылығын нығайтуыдағы алатын орны да зор",- деп атап өтті А. Есімов.

Сонымен қатар А.Есімов биыл бірінші рет қаладағы Сауда орталықтарының атсалысуымен "Наурыз - жеңілдік фестивалі" акциясы ұйымдастырылғандығын және көне салт бойынша Көктөбеде таңды қарсы алу болғандығын, сондай-ақ Медеу паркінде алма ағаш отырғызу рәсімі болғандығын айтып өтті.

Кешке алаңда қазақстандық эстрада жұлдыздарының қатысуымен жастарға арналған концертік бағдарлама өтіп, от шашулар шашылды.

Мерекелік шаралар Алматының барлық алты ауданында өтеді. "Астана" алаңында 22 және 23-наурыз күндері Алмалы ауданы әкімшілігінің ұйымдасытыруымен "Біз - Қазақстан халқымыз" атты түрлі ұлт өкілдерінің бірлескен мерекелік шарасы жалғасады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны