16.06.2016, 12:39 4353

"Алматы-Маӊғышлақ" пойызы жаӊа "Шалқар-Бейнеу" учаскесі арқылы қатынайды

Жолаушылар тасымалына деген сұранысты қанағаттандыру мақсатында №377/378 "Алматы-Маӊғышлақ" пойызы 3 шілдеден бастап жаӊа "Шалқар-Бейнеу" теміржол учаскесі арқылы жүреді

Астана. 16 маусым. Kazakhstan Today - Жолаушылар тасымалына деген сұранысты қанағаттандыру мақсатында №377/378 "Алматы-Маӊғышлақ" пойызы 3 шілдеден бастап жаӊа "Шалқар-Бейнеу" теміржол учаскесі арқылы жүреді, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

"Жолаушылар тасымалы" АҚ баспасөз қызметінен мәлімдегендей, жаӊа маршрут еліміздегі еӊ ұзақ теміржол қатынасыныӊ қашықтығын 14 пайызға немесе 471 шақырымға дейін қысқартуға мүмкіндік береді. Сонымен қатар жолда жүретін уақыт та 9 сағатқа азаймақ.

Ара қашықтық қысқарған соӊ билет бағасы купеге 11,46%, плацкартқа 11,32% дейін арзандады.

Пойыз жаӊа "Шалқар-Бейнеу" теміржол учаскесі арқылы Алматыдан 3 шілдеден, ал Маӊғышлақтан 6 шілдеден бастап күн сайын жүретін болады.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны