05.06.2013, 16:01 2990

Алматының айналма жолының құрылысына тендер қыркүйек айында жарияланбақ

Үлкен Алматы айналма автомобиль жолының (ҮАААЖ) құрылысына қыркүйекте тендер жарияланбақ, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі Көлік және коммуникация вице-министрі Роман Склярға сілтеме жасай отырып.

Астана. 5-маусым. Kazakhstan Today - Алматының айналма жолының құрылысына тендер қыркүйек айында жарияланбақ, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Үлкен Алматы айналма автомобиль жолының (ҮАААЖ) құрылысына қыркүйекте тендер жарияланбақ, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі Көлік және коммуникация вице-министрі Роман Склярға сілтеме жасай отырып.

Бұл туралы бүгін Мәжілісте "ҚР кейбір заңнамалық актілеріне автожол саласын реформалау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заңның жобасын талқылау барысында депутаттар сұрақтарына жауап берген ҚР Көлік және коммуникация вице-министрі Роман Скляр хабарлаған.

Өкінішке орай, "Алматы-Қорғас", "Астана-Қарағанды" жолдарының кейбір учаскелерінде концессия енгізу бойынша тәжірибеміз сәтсіз аяқталды. Қазір техника-экономикалық негіздеме жасалып жатыр, шетелдік кеңесшілер және Еуропа қайта құру және даму банкімен бірлесе отыра қаржылық модельдерді құрып жатырмыз. Бұл жерде ҮАААЖ - Алматы "үлкен айналма жолының" жобасы сөз болып отыр. Онда күнделікті 38 мыңнан астам автокөлік өтетіні болжанып отыр. Соны ескере келе, біз шетелдік серіктесіміз Еуропалық банкпен жасайтын аталмыш концессиялық жобамыз сәтті шығады деп күтудеміз. Биыл шамамен қыркүйек айында бұл жоба бойынша тендер жариялауды жоспарлап отырмыз", - деді Р.Скляр.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны