05.10.2016, 17:28 7246

Алматыныӊ Алатау ауданында 8 жылда 9 мектеп, 12 балабақша, 5 емхана салынды

Бұдан бөлек, ауданда заӊсыз салынған үйлердіӊ мәселесі шешімін тапты. "Бүгінгі күні бұл мәселені біз шештік. 6 мыӊдай үйді заӊдастырдық. Қожайындардыӊ барлығы жер телімдеріне акт алды, тіркеуге тұрды. Соныӊ арқасында 50 мыӊға жуық азамат қаланыӊ, біздіӊ ауданымыздыӊ толық құқылы тұрғындарына айналды", - деді Бағдат Мәнзоров.

Алматы. 5 қазан. Kazakhstan Today - Алматыныӊ Алатау ауданында 8 жылда 9 мектеп, 12 балабақша, 5 емхана салынды, деп хабарлады Алатау ауданыныӊ әкімі Бағдат Мәнзоров Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігініӊ 25 жылдығына орай журналистерге арналған пресс-тур барысында.

"Президентіміздіӊ тапсырмасы бойынша 2008 жылғы шілдеде Алатау ауданы құрылды. Ауданды құрудағы мақсат - проблемаларды шешу болатын", - деді Бағдат Мәнзоров.

Оныӊ айтуынша, аудандағы басты проблемалар мектептер, балабақшалар, емханалар секілді әлеуметтік нысандардыӊ жетіспеуіне саятын. "Биыл ауданымыздыӊ құрылғанына 8 жыл толып отыр. Осы жылдары біз 9 мектеп, 12 балабақша, 5 емхана салдық. Сондай-ақ, коммуналдық мәселелерді де шештік, яғни, жолдар салынып, электр және газ берілді", -деді аудан әкімі.

Оныӊ айтуынша, сонымен бірге, мемлекет пен жеке меншіктіӊ серіктестігі бағдарламасыныӊ шеӊберінде 22 балабақша мен балаларға арналған 25 спорт алаӊы ашылды.

Бұдан бөлек, ауданда заӊсыз салынған үйлердіӊ мәселесі шешімін тапты. "Бүгінгі күні бұл мәселені біз шештік. 6 мыӊдай үйді заӊдастырдық. Қожайындардыӊ барлығы жер телімдеріне акт алды, тіркеуге тұрды. Соныӊ арқасында 50 мыӊға жуық азамат қаланыӊ, біздіӊ ауданымыздыӊ толық құқылы тұрғындарына айналды", - деді Бағдат Мәнзоров.

Ийткенмен, аудан әкімініӊ айтуынша, бүгінгі күні тұрғындарды ауыз сумен қамтамасыз ету және күріз жүйесін тарту аудандағы басты проблема күйінде қалып отыр. "400 ықшам аудан бойынша жобаны толығымен жасап, сараптама алдық. Қазір кезеӊ-кезеӊмен ақша алып, жұмыстарды жүргізіп жатырмыз", - деді аудан әкімі.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны