26.09.2018, 15:29 5362

Алматыныӊ "Алатау" дәстүрлі өнер театрында "Ана тілім-ардағым" атауымен ауқымды іс-шара өтті

Айта кетейік, тиісті басқарма жалпы этнобірлестіктер, жастар мен тілшілер арасында түрлі байқаулар ұйымдастырып тұрады. Жыл басынан бері осы тектес жарысқа 400-ден аса адам қатысқан. Байқауды ұйымдастыру мақсатында 150-ге жуық адам уақытша жұмыспен қамтамасыз етіліпті.

Алматы. 26 қыркүйек. Kazakhstan Today - "Ана тілім-ардағым". Алматыныӊ "Алатау" дәстүрлі өнер театрында осындай атаумен ауқымды іс-шара өтті. Думанды кеште мемлекеттік тіл саясатын дамытуда жыл бойы белсенді атсалысып жүрген мамандар марапатқа ие болды. Сыйлықты қала әкімініӊ орынбасары Арман Қырықбаев тапсырды.

Айта кетейік, тиісті басқарма жалпы этнобірлестіктер, жастар мен тілшілер арасында түрлі байқаулар ұйымдастырып тұрады. Жыл басынан бері осы тектес жарысқа 400-ден аса адам қатысқан. Байқауды ұйымдастыру мақсатында 150-ге жуық адам уақытша жұмыспен қамтамасыз етіліпті.

"Бүгінгі дәстүрлі "Ана тілім - ардағым" атты Қазақстан халқыныӊ тілдері күніне орайластырылған іс шарада жыл бойы өткізілген іс-шаралардыӊ қорытындылары шығарылады. Өйткені, мемлекеттік тіл саясаты бірнеше бағытта жүзеге асырылады. Негізгісі - мемлекеттік тілдіӊ қолданыс аясын арттыру", - деді Алматы қаласы Тілдерді дамыту басқармасыныӊ бөлім басшысы Бақыт Қалымбет.

"Бүгінгі тілге арналған мереке - үлкен мереке. Елімді, халқымды осы мерекеменен баршасын құттықтаймын. Өйткені, тіл деген ол ұлттыӊ жаны, рухыныӊ үні, еӊ қымбатты дүниесініӊ құнды қоймасы құндылықтарыныӊ. Сондықтан да бұны ерекше қадірлеуіміз керек. Қастерлеуіміз керек. Тіл жоқ болса, ұлт та болмайды", - деді қоғам қайраткері Асылы Осман.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны