20.12.2017, 21:51 4115

Алматыныӊ Алмалы ауданында "Рухани жаӊғыру" бағдарламасы аясында 400 балаға арналған балабақша салынады

Бұдан басқа, мүгедектер мен қарт азаматтар және балаларға арналған әлеуметтік шаралар өткізілді. Ал аудан әкімшілігініӊ ұйымдастыруымен демеушілердіӊ қолдауы арқасында Астана қаласында өткен "Экспо-2017" халықаралық көрмесін үздік оқитын 60 дарынды бала тамашалап қайтты.

Алматы. 20 желтоқсан. Kazakhstan Today -Алматыныӊ Алмалы ауданында "Рухани жаӊғыру" бағдарламасы аясында 400 балаға арналған балабақша салынады.

Мұндай тыӊ ақпаратты Алматы қаласыныӊ Өӊірлік коммуникациялар қызметінде "Илеуметтік - экономикалық дамудыӊ нәтижелері. "Рухани жаӊғыру" бағдарламасыныӊ іске асырылу барысы" тақырыбында өткен брифингте Алмалы ауданыныӊ әкімі Естенов Жасұлан мәлімдеді.

Аудан басшысыныӊ сөзіне сүйенсек, баршамызға белгілі Елбасыныӊ "Болашаққа бағдар, рухани жаӊғыру" атты мақаласын жүзеге асыру аясында алдымызда қойылған міндеттердіӊ бірі - мемлекеттік бюджеттен тыс қаржыландыру арқылы бизнес өкілдерін және аудан азаматтарын туған жеріне игі істер жасауға, белсенділік танытуға тарту. Осы орайда бірқатар бизнес өкілдерініӊ атсалысуыныӊ арқасында балаларға арналған 8 ойын және спорт алаӊдары ашылды. Соныӊ ішінде, Абай даӊғылы 141 мекенжайында демеушілердіӊ қолдауымен хоккеймен айналысуға арналған мұз айдыны қайтадан жөндеуден өткізіліп, ашылды. Бұдан басқа, мүгедектер мен қарт азаматтар және балаларға арналған әлеуметтік шаралар өткізілді. Ал аудан әкімшілігініӊ ұйымдастыруымен демеушілердіӊ қолдауы арқасында Астана қаласында өткен "Экспо-2017" халықаралық көрмесін үздік оқитын 60 дарынды бала тамашалап қайтты.

Сонымен қатар, мемлекеттік-жеке серіктестік негізінде "Спутник" спорт кешенінде қайта жөндеу және "Тастақ" шағынауданында 400 балаға арналған балабақша салу жұмыстары басталды.

Одан бөлек, "Туған өлке тарихы", "Жас дарын" атты байқаулар өтіп, "Сөз дауа" кітабы жарық көрді. Аудан өкілдері қалалық, республикалық тілдерді дамыту, мәдениетімізді дәріптеуге бағытталған байқауларда жүлделі орындарды иеленді. Бұл жолда аудан жастарыныӊ үлесі зор екенін атап айтуға болады. Жалпы бағдарлама аясында аудан көлемінде 200-ден астам іс-шаралар ұйымдастырылып, аталған бағыттағы жұмыстар жалғасын табуда, - Ж.Естенов.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны