04.05.2007, 18:48 3150

Алматының бас жоспары қала тұрғындарына қарсы жасалған - газет

АЛМАТЫ. 4-мамыр. Kazakhstan Today. Алматы қаласын дамыту жөніндегі бас жоспар алматылықтарға қарсы жасалған, деп жазады "Новое поколение" апталығы.

Мақала авторының пікірінше, "бас жоспар - қайсыбір қаланы дамытуға бағытталған басты құжат болып табылады", ал оны жүзеге асыру "тұрақтылықтың белгісіне айналып, азаматтардың сенімін тудыруға тиіс". Алайда, басылымның жазуынша, Алматыда "бас жоспарға күн сайын дерлік түзету енгізіледі деп айтуға болады, ол кез-келген сылтаумен күнделікті түзетіледі".

Автордың пікірінше, бұл "қала тұрғындарына емес, құрылыс салушы компанияларға және олармен әмпей-жәмпей шенеуніктерге ғана тиімді".

Автордың айтуынша, мемлекеттік қажеттілік деген сылтаумен сан жеткісіз жер тәркілеу оқиғалары қаладағы ахуалды ушықтырып, үкіметке қарсы бағытталған ұрандар молайды. "Илеуметтік наразылықтың белгілері айқын көріне бастады",- деп жазады автор.

"Алматы елдегі қаржылық орталыққа емес, оппозициялық орталыққа айналып барады. Өйткені, қаланың орталығындағы ескі үйлерде тұрып жатқандарды көшіріп жатыр. Ал олардың басым бөлігі жоғары білім бар, газеттерді оқитын, саяси тұрғыдан белсенді, заңдық сауаты бар адамдар",- деп жазады басылым. "Сонда бұл адамдардың ертеңгі күні үкіметке қарсы шығатынын түсінбей ме? Ондай атты күн туса, белсенділер штабы бірнеше адамнан емес, жүздеген мың адамға жететіні анық",- дейді автор.

Газеттің пікірінше, "іс жүзінде бас жоспарға өзгерістер енгізуге басты себеп - азаматтардың конституциялық құқығын бұзу, яғни, жеке меншікке қол сұғылмаушылық құқығын бұзу ғана болуға тиіс". "Соған қарағанда, бұл жоспар алматылықтарға қарсы жасалғанға ұқсайды", деп жазған басылым "бұл ертеңгі күні оңтүстік астананың көшелеріне үкіметтің отставкаға кетуін талап етіп оппозициялық пиғылдағы топтың өре шығуына тағы бір себеп", деп ескертеді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны