12.12.2007, 18:15 2732

Алматының билік өкілдерінің саяжай поселкелеріндегі су құбырларын үзуі салдарынан 100 астам отбасы сусыз қалмақ

Алматының билік өкілдерінің саяжай поселкелеріндегі су құбырларын үзуі салдарынан 100 астам отбасы сусыз қалмақ

Алматы. 12-желтоқсан. "Қазақстан Бүгін" - Алматы әкімшілігінің водоканал мемлекеттік коммуналдық кәсіпорыны Алатау совхозының маңындағы "Энергетик", "Труд", "Дзержинск" және "Сирень" саяжай поселкелерінің су құбырларын үзбек. Саяжай тұрғындары водоканал кәсіпорынының осы жөніндегі хабарламасын алды. Бұл туралы "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісіне Бақшашылар қоғамы кеңесінің төрайымы Людмила Угрюмова хабарлады.

"Водоканал кәсіпорыны саяжай тұрғындарын су беру туралы жасалған келісім шарттың бұзылғандығы туралы және су беру қайта ескертусіз тоқтатылатындығы туралы хабардар еткен. Осы жөніндегі хатқа Алматы әкімшілігінің водоканал мемлекеттік коммуналдық кәсіпорынының басқарушы директоры Анатолий Прокудин қол қойған",- деп хабарлады Людмила Угрюмова.

Төрайымның айтуынша, жазда көршілес "Алатау-2" Бақшашылар қоғамы монополияға қарсы комитетке водоканалдың шикі су үшін ауыз су төлемін алатындығы жөнінде шағымданған болатын (ауыз су тарифі - 14,5 теңге, ал шикі су тарифі - 4,5 теңге - агенттік тілшісі).

"Осыған байланысты Қазақстан Республикасының табиғи монополияны реттеу агенттігінің Алматы қалалық басқармасы Алматы әкімшілігінің водоканал мемлекеттік коммуналдық кәсіпорынының шикі су беруге қатысты көрсетіп отырған қызметінің заңға қайшы екендігі жөнінде нұсқама берген болатын",- деп хабарланған қалалық водоканал басқармасының хатында.

Өз кезегінде, нұсқамаға жауап ретінде, водоканал кәсіпорыны "Энергетик", "Труд", "Дзержинск" және "Сирень" саяжай поселкелерін сумен қамтамасыз етуді тоқтату қажет деп шешкен. Саяжай тұрғындарының айтуынша, су беру туралы келісім шартты бұзу Алматы әкімшілігінің водоканал мемлекеттік коммуналдық кәсіпорынының жуықта тағайындалған бастығы В. Галиевтің бастамасы.

"Біз осы уақытқа дейін су төлемдерін 2004 жылы водоканал кәсіпорынымен жасаған келісім шартқа сәйкес төлеп келдік. Ал жуықтағы бүкіл республика бойныша тарифтер көтерілгеннен кейін, біз ауыз су тарифі бойныша (қалалық тариф - 19 теңге) төлеуге келісіп, мемлекеттік коммуналдық кәсіпорынның бастығы В. Галиевтің атына өзіміздің келісетіндігімізді хатпен хабарлағанбыз. Осыған қарамастан қалалық водоканал монополияға қарсы комитетке сілтеме жасай отырып, саяжай поселкелеріне баратын суды үзбек",- деді Л. Угрюмова.

Оның айтуынша, поселкелердің тұрғындары суды пайдалану құқығын заңды негізде рәсімдеген. Мұны куәландыратын құжаттар Бақшашылар қоғамының кеңесінде бар. "2003 жылы Балқаш Алакөл Бассейн су басқармасы біздің Бақшашылар қоғамына суды арнайы қажеттілікке пайдалануға рұқсат берген".

Басқарманың берген рұқсатына сәйкес саяжай тұрғындары 150 л/с көлемінде, ал жылына 4730,4 тонна текше метр көлемінде су ала алады. Бұл көлем лицензияланған және Бақшашылар қоғамының арнайы пайдалануы үшін рұқсат етілген.

"Егер водоканал поселкелерге берілетін суды үзетін болса, онда осында жыл он екі ай өмір сүретін 100-ден астам отбасы зардап шегеді, ал жазда біздің поселкелерде 500-ге жуық алматылықтар тұрады. Егер су беруге рұқсат берілмесе, онда адамдар мұнда үйлерін жабдықтауға ақшаларын жұмсамас еді. Біз көгілдір отын құрғызып, телефон орнатып, қазандықтар салғыздық, мен тіптен су құбырын тартуға біздің көп ақша жұмсағанымызды айтып отырғам да жоқ. Ал ертең суды үзетін болса, осылардың бәрінің мәні қалмайды. Көптеген тұрғындар, әсіресе кәрі-құртаңдар денсаулықтарына байланысты саяжайларда тұрады. Егер мемлекет мұқтаж жандағра қамқорлық көрсете алмаса, біз өз өмірімізді өзіміз жақсартуға тырысамыз",- деп атап көрсетті Людмила Угрюмова.

Сонымен қатар, Г. Угрюмованың айтуынша, қалалық водоканал билік басында туысқандары бар отбасылар үшін суды үзбеуге шешім қабылдаған. Бақшашылар қоғамы кеңесінің төрайымының хабарлауынша, ертең саяжай тұрғындары водоканал тарапынан жасалатын заңсыз іс-әрекеттерге қарсылық көрсетпек.

"Қалалық водоканал монополияға қарсы комитеттің нұсқамасын орындап, су берудегі заңсыз баға белгілеудің мән-жайын анықтаудың орнына, соңғы кезде Алматыдағы қалыптасқандай бұл мәселені де тұрғындар есебінен шешпек",- деді саяжай тұрғындарының бірі. "Алматының тау бөктеріндегі қымбат жерлерден адамдарды осылайша қумақ, деген күдік туады",- деп жалғады өз сөзін ол.

Бұқаралық ақпарат құралдары қосымша ақпараттар алу үшін Бақшашылар қоғамы кеңесінің төрайымы Людмила Угрюмоваға 8 777 383 47 78, 298 69 66 телефондары арқылы хабарласа алады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны