09.06.2016, 16:13 3735

Алматыныӊ бірқатар аудандарында газ беру уақытша тоқтатылады

Алматыда 13-23 маусым аралығында қалалық энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасыныӊ тапсырысы бойынша Рысқұлов даӊғылы мен Сайын көшесініӊ қиылысында диаметрі 720 мм болатын орта қысымдағы жерасты газ құбыры көлік жол айрығы құрылысыныӊ астынан алынады

Алматы. 9 маусым. Kazakhstan Today - Алматыда 13-23 маусым аралығында қалалық энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасыныӊ тапсырысы бойынша Рысқұлов даӊғылы мен Сайын көшесініӊ қиылысында диаметрі 720 мм болатын орта қысымдағы жерасты газ құбыры көлік жол айрығы құрылысыныӊ астынан алынады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Осыған байланысты, осы мерзім аралығында Рысқұлов - Ақсай - Шамалған - Ахрименко көшелері квадратында сондай-ақ, Ийгерім-1, Ийгерім-2, Құрылысшы- 2, Көк-Қайнар, Трудовик, батыс Трудовик, шығыс Трудовик, Радуга саяжай сріктестігі, Саялы, Шаӊырақ-1, Шаӊырақ-2, Ақбұлақ шағын аудандарында табиғи газбен қамтамасыз ету жұмысы уақытша тоқтатылады, деп хабарлайды inform.kz тілшісі.

Жалпы, 8 728 жеке сектор абоненті, 73 ұжымдық сектор абоненті және 25 шағын коммуналдық шаруашылықтар мен өндірістік кәсіпорындар газ құбырынан сөндіріледі.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны