25.09.2012, 15:13 3308

Алматының хайуанаттар бағында қар барысын өсіру қолға алынуда

Алматы хайуанаттар бағындағы аңдардың қатары төрт қар барысымен толықты. Қазір Ілбістер жергілікті ауа райына бейімделуде.

Алматы. 25-қыркүйек. Kazakhstan Today - Алматының хайуанаттар бағында қар барысын өсіру қолға алынуда, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Алматы хайуанаттар бағындағы аңдардың қатары төрт қар барысымен толықты. Қазір Ілбістер жергілікті ауа райына бейімделуде.

Жыртқыш аңнын екеуі көрші қырғыз елінен әкелінген. Ал Снежанна мен Ариланды бірін Чехия, екіншісін Франция хайуанаттар бағы сыйға тартқан. Оларды тасымалдауға кеткен шығындарды Bank RBK акционерлік қоғамы түгелдей өз мойнына алған.

Bank RBK басшылығы мен қызметкерлері саны күннен-күнге азайып бара жатқан аңнын түрін құтқару жөніндегі игі жобаға қатысуын мақтаныш санайды. Нақ осы қар барысының жұбы қаржы институтының логотипінде бейнеленген. Мамандардың айтуынша әлемдегі барыстардың жалпы саны 3 мың мен 8 мыңның аралығында көрінеді. Оның небәрі 200-ге жуығы Қазақстанды мекендейді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны