03.07.2008, 18:47 2844

Алматының іргесінде 3 мың гектардан астам аумақты иемденетін жаңа Алатау ауданының құрамына 22 ауыл енді

Алматының іргесінде 3 мың гектардан астам аумақты иемденетін жаңа Алатау ауданының құрамына 22 ауыл енді

Алматы. 3 шілде. "Қазақстан Бүгін" - Алматының іргесінде 3 мың гектардан астам аумақты иемденетін жаңа Алатау ауданының құрамына 22 ауыл енді, деп хабарлайды агенттік тілшісі қала әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, жаңа Алатау ауданының құрамына "Өжет", "Красный трудовик", "Заря Востока", "Ұлжан -1", "Ұлжан -2", "Дархан", "Байбесік", 6-градокомплекс, "Шаңырақ -1", "Шаңырақ -2", "Шаңырақ -3", "Шаңырақ -4", "Шаңырақ -5", "Шаңырақ -6", "Көкқайнар", "Ийгерім -1", "Ийгерім -2", "Құрылысшы", "Түркістан", "Ақ бұлақ", АДК, "Алғабас" енген. Ауданның жалпы жер көлемі -3821 гектар.

Бұдпан бұрын да хабарлағанымыздай, Алматы қаласы әкімдігі мен мәслихатының бірлескен шешімінің негізінде Алматы қаласында жаңа әкімшілік аудан пайда болды. Оған Алатау деген ат берілді.

Жаңа әкімшілік ауданды ашқандағы негізгі мақсат - Алматы қаласын солтүстік және солтүстік - батыс бағытында дамыту. Мұндай шешімнің қажеттілігіне ел Президенті Н. Назарбаев та ерекше назар аударған болатын. Екіншіден, қалаға қосылған ауылдардың әлеуметтік- тұрмыстық жағдайларын жақсарту, соңғы жылдары қордаланып қалған түрлі мәселелерді шешу, криминогендік шиеленісті төмендету, қала дамуына жаңа серпіліс беру.

Мұнда таяу арада мемлекеттік органдар - аудан әкімінің аппараты, ішкі істер, білім, әлеуметтік қорғау, денсаулық сақтау басқармалары, салық қызметі, ХҚО, жергілікті басқару комитеттері басқа да халыққа қызмет көрсету мекемелері пайда болып, қала маңындағы ауылдардың мәселелері оң шешімдерін табады.

Ауданның дамуына қажет қаржы мәселесін бөлудің де маңызы зор. Бұл жаңа ауданның инфрақұрылымын жасауға, дамытуға, әлеуметтік құрылыстар, мектептер мен мектеп жасына дейінгі балалар мекемелерін салуға ойдағыдай ықпал етеді.

Бұрыннан бар шекара жаңа аудан өмірге келген соң қайта жасалады. Ол магистральді көшелер бойынша анықталып, инженерлік коммуникциялар, көп пәтерлі тұрғын үйлер, басқа да нысандар салу барысында жүзеге асатын болады.

Иуезов ауданы қаланың оңтүстігі мен солтүстігін алып жатыр. Бұл бөлікте түлі мәдени нысандары баршылық. Ал ауданның солтүстік батыс бөлігінде қазіргі заманға сай сауда , мәдени орындары, тұрғын кешендері жоқтың қасы, мұндағы өндіріс орындарының халыққа берері де шамалы.

Қаланың орталығында қажетті объектілер көп, жол бойында да жиі орналасқан. Алматыны одан әрі дамыту үшін оның солтүстік және батыс бөлігін де қолға алған жөн. Жаңа ауданның пайда болуы да сондықтан.

Қала дамыған сайын оның шекарасын кеңейту керек. Ал бұл қалаға қосылған ауылдар, яғни солтүстік бөлік негізінде қарай жүзеге аспақ

Жаңа ауданның пайда болуы және шекараның өзгеруі тұрғындар үшін құжаттарды ауыстыру барысында ешқандай ыңғайсыздық туғызбайды. Бұл мәселе бірден емес, азаматтардың түрлі мемлекеттік органдарға баруы аясында еш кедергісіз жүзеге асатын болады.

Алатау ауданының әкімі болып Бағдат Сайланбайұлы Манзоров тағайындалды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны