26.01.2009, 16:05 3370

Алматының кейбір аудандарында электр қуаты жартылай үзіледі

Алматының кейбір аудандарында электр қуаты жартылай үзіледі

Алматы. 26 қаңтар. "Қазақстан Бүгін" - Алматының кейбір аудандарында таңертеңгі және кешкі максимум кезінде электр қуаты жартылай үзіледі деп күтілуде, деп хабарлайды агенттік тілшісі "АПК" АҚ баспасөз қызметінің хабарламасына сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, 15А "Малая станица" кіші станциясындағы Т-1 трансформаторының апаттық жөндеу жұмыстарына және қалған Т-2 трансформаторының жүктемесі артуға байланысты Алматының кейбір аудандарында таңертеңгі және кешкі максимум кезінде электр қуаты жартылай үзіледі деп күтілуде.

"Мына аудандарда жарық үзіледі: Малая станица, "Думан" және "Атырау" ықшамаудандары, Сүйінбай мен Рысқұлов көшелерінің квадраты", - деп түсіндіреді АПК компаниясындағылар.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны