22.05.2008, 19:27 3346

Алматының кейбір жанар-жағармай станциялары нормаға сай келмейтін өнімді сатуда

Алматының кейбір жанар-жағармай станциялары нормаға сай келмейтін өнімді сатуда

Алматы. 22 мамыр. "Қазақстан Бүгін" - Алматының кейбір жанар-жағармай станциялары сапасын жанар-жағармайды сатуда. Бұл туралы Алматыда өткен экологиялық тыңдаулар кезінде " Органик" тәуелсіз мұнай өнімдерінің сараптама орталығының директоры Ақмарал Қалмұратова хабарлады.

А. Қалмұратова айтқанындай, биылғы жылдың наурыз айында "Органик" орталығының қызметкерлері Алматыдағы 8 жанар-жағармай станциясында бензиннің 20 түрінің сынамасын алған. Сараптама қорытындылары көрсеткеніндей 4 станцияда сапасыз бензин сатылған, ал тағы да 7-станцияның жанармайы құрамында октан қоспасының төмен болғаны анықталды.

"Бір жанар -жағармай станциясында 93 маркалы бензин құрамында қоспа болғаны анықталып, оның түсі жасыл реңк беріп тұрды. Мұндай өнім зауытта шығарылмайтыны белгілі, сондықтан оның октандық саны да төмен болып шықты. Сондай-ақ,оның құрамында қорғасын мөлшері де нормадан артық болды", -деп хабарлады А. Қалмұратова. Ол айтқанындай, бұл станцияда жанар -жағармайдың үш түрі зерттеліп, оның біреуі де октандық сан нормаларына сәйкес болмай шықты".

А. Қалмұратова хабарлағанындай, сәуір және мамыр айларында сапасы нашар жанар-жағармай саны қысқарып,ондай жағдайлар жалғыз тұрған бекеттерде ғана кездеседі. Ал кейбір жанар- жағармай станциялары олардың өнімдеріне мониторинг жүргізу үшін өнім сынамасын сатып алуға тыйым салады".

Сарапшылардың деректері бойынша, жанар-жағармай станцияларында өнімдерге арнайы қоспалар қосылып оның сапасы төмендетіледі, сондай-ақ кейбір жағдайда сапасыз өнімдер мұнай базаларынан да келіп түсіп жатады.

"Кейде бірнеше жанар-жағармай станциялары бір зауыттан сатып алған өнім сапасыз болып, онда бірдей октан саны жетіспейді. Бұл 80, 92, 96 маркалы көлік отынын шығарған "ПетроҚазақстан Ойл Продактс" зауытының өнімі болып шықты. Өнімді шығарған зауытқа сараптама қорытындылары жіберілді, бірақ әзірге олардан жауап келген жоқ ", -деді А. Қалмұратова. Ал кейбір станцияларда тіпті қолдан жасалған жанармай сатылуда.

Соған қарамастан мамандардың берген ақпараты бойынша өткен жылдармен салыстырғанда биылғы жылы Алматыда сатылып жатқан сапасыз жанармай көлемі азайды. Алайда, қолданылып отырған заңнама бұл мәселені толық бақылауға алуға мүмкіндік бермей отыр.

"Бақылау жасайтын органдар жылына бір рет мұнайөнімдерімен қамтамасыз етіп отырған кәсіпорындарды тексере алады. Бұл сатылып жатқан мұнай өнімдері сапасының жақсару мәселесін шешпейді. Өндірісшіден тұтынушыға дейін жететін мұнай өнімдерінің сапасын сақтап оның бақылауын қамтамасыз ету үшін, мұнайөнімдерімен қамтамасыз ететін ұйымдардың қызметін мемлекеттік реттеудің құқықтық механизмін дайындау қажет. Бұл мәселе үкімет деңгейінде шешілуі тиіс ", -деп атап өтті А. Қалмұратова.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны