14.09.2011, 15:48 3410

Алматының қоғамдық көліктеріндегі жолақы мәслихатпен келісілгеннен кейін ғана қымбаттауы мүмкін

Алматының қоғамдық көлігіндегі тарифтерді өзгерті жергілікті атқарушы органмен келісілуге тиіс. Бұл туралы Алматы қаласының жолаушылар көлігі және автокөлік жолдары басқармасынан хабарлаған.

Алматы. 14-қыркүйек. Kazakhstan Today - Алматының қоғамдық көліктеріндегі жолақы мәслихатпен келісілгеннен кейін ғана қымбаттауы мүмкін, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

ҚазТаг ақпараттық агенттігінің хабарлауынша, Алматының қоғамдық көлігіндегі тарифтерді өзгерті жергілікті атқарушы органмен келісілуге тиіс. Бұл туралы Алматы қаласының жолаушылар көлігі және автокөлік жолдары басқармасынан хабарлаған.

"ҚР "Автомобиль көлігі туралы" заңына сәйкес, 2011 жылдан бастап Алматы қаласының жолаушылар көлігі және автокөлік жолдары басқармасы қалалық бағыттарға тарифті есептеу үшін бір ай бойы тасымалдаушылардан ақпарат жинайды. Ақпарат жиналған соң қала бойынша орташа тариф есептеледі. Бұл тариф жергілікті өкілетті орган - Алматы мәслихатына келісуге беріледі", - делінген сәрсенбі күні таратылған ақпаратта.

Басқарманың мәліметінше, жолаушылар мен жүктердің жүйелі автокөлік тасымалының тарифтерін есептеу әдістемесін ҚР көлік және коммуникация министрлігі бекітпеген.

Бұрын хабарланғандай, Алматы қаласының жолаушылар көлігі және автокөлік жолдары басқармасының бастығы Владимир Меренков Алматыда жанар-жағармай бағасының қымбаттауына байланысты қоғамдық көлікпен жүру құны Т80-ге дейін көтерілуі мүмкін екенін мәлімдеген.

Қазіргі уақытта Алматы автобустарымен жүру құны Т50 құрайды. 15 жастан асқан мектеп оқушылары үшін жеңілдікті жол билеттерінің құны Т850, зейнеткерлердікі - Т1500, студенттер үшін Т2250 тұрады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны