16.09.2018, 00:42 7925

Алматыныӊ Медеу ауданында "Микоша" балабақшасы ашылды

Балабақшаныӊ жобалық қуаты - 40 орын, салынған инвестиция көлемі 7 млн. теӊге, сондай-ақ жаӊадан 10 жұмыс орны ашылды.

Алматы. 15 қыркүйек. Kazakhstan Today - Желілік кестеге сәйкес, 2018 жылдыӊ 27 сәуірінде Медеу ауданы әкімініӊ орынбасары Ғани Майлыбаевтыӊ қатысуымен Шымбұлақ көшесі, 12 үй мекен-жайында"Микоша" жекеменшік балабақшасыныӊ салтанатты ашылуы болып өтті. Балабақшаныӊ жобалық қуаты - 40 орын, салынған инвестиция көлемі 7 млн. теӊге, сондай-ақ жаӊадан 10 жұмыс орны ашылды.

Балабақшаныӊ ашылу салтанатына Медеу ауданы әкімініӊ аппаратыныӊ өкілдері, ата-аналар мен тәрбиеленушілер қатысты.

Өткізілген іс-шараныӊ мақсаты - Медеу ауданыныӊ аумағында мемлекеттік емес меншіктегі жаӊа мектепке дейінгі ұйымдардыӊ ашылуы.

Қазіргі уақытта ауданда 18 мемлекеттік балабақша, 2-ден 7 жасқа дейінгі 47 жекеменшік мектепке дейінгі мекемелер, 29 шағын орталықтар соныӊ ішінде, 7071 бала тәрбие алып жатыр.

Есеп бойынша "Микоша" балабақшасы 40 балаға есептеліп ашылған 10-шы балабақша. Аталған бақша аралас қазақ тілі мен орыс тілдерінде білім береді. Қосымша ағылшын тілінен балаларға дәріс беріледі және "Дзюдо" бойынша спорттық үйірме жұмыс істейді, сонымен қатар ата-аналар хореограф пен логопедтіӊ қызметіне жүгіне алады.

2018 жылдыӊ аяғына дейін жеке инвесторлар есебінен тағы 10 балабақшаныӊ ашылуы жоспарланып отыр. Соныӊ нәтижесінде балабақшаларға кезек санын 600 орынға дейін азайтуға мүмкіндік береді.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны