05.06.2015, 16:29 4546

Алматыныӊ Наурызбай ауданында халыққа қызмет көрсету орталығы ашылды

Жаӊа ХҚКО-ныӊ ашылуына ҚР ИДМ Байланыс, ақпараттандыру және ақпарат комитеті төрағасыныӊ орынбасары Бек Арпабаев, Алматы қаласы әкімініӊ орынбасары Юрий Ильин, "ХҚКО" РМК бас директоры Исемгүл Балташева қатысты

Астана. 05 Маусым. Kazakhstan Today - Жаӊа ХҚКО-ныӊ ашылуына ҚР ИДМ Байланыс, ақпараттандыру және ақпарат комитеті төрағасыныӊ орынбасары Бек Арпабаев, Алматы қаласы әкімініӊ орынбасары Юрий Ильин, "ХҚКО" РМК бас директоры Исемгүл Балташева қатысты, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігіні? тілшісі.

Жаӊа ХҚКО-да Алматыныӊ Наурызбай ауданыныӊ тұрғындары құжаттандыру бойынша қызметтерді қоса, барлық қажетті анықтамалар мен құжаттарды ала алады. Халыққа қызмет көрсету орталығы Ақжар шағын ауданы, Егінсу к., 33 мекенжайы бойынша орналасқан және таӊғы сағат 9-дан кешкі 20.00-ге дейін жұмыс істейді.

ҚР ИДМ Байланыс, ақпараттандыру және ақпарат комитеті төрағасыныӊ орынбасары Бек Арпабаевтыӊ айтуы бойынша ХҚКО ашу қажеттілігі Алматыда жаӊа ауданныӊ құрылуына байланысты туындады. "Бұрын осы ауданныӊ тұрғындары басқа ХҚКО-ларға жүгінетін, бұл оларға үлкен жүктеме тудыратын, енді бұл мәсле шешілді. Алматы сияқты мегаполисте тағы бір ХҚКО ашу мемлекеттік қызметтерді неғұрлым жедел көрсетуге жол береді және олардыӊ сапасын арттырады деп ойлаймын", - деп ол атап өтті.

Жаӊа ХҚКО-да 50 инспектор жұмыс істейді, құжаттарды қабылдау және дайын құжаттарды беру үшін 20 жұмыс орны бар.

Сондай-ақ Арпабаевтыӊ айтуы бойынша, қызметті алушылар үшін ыӊғайлы жағдайлар жасауға аса көӊіл бөлінген: ХҚКО жаӊа жиһазбен жабдықталған, 30 автомобильге тұрақ бар, мүмкіндігі шектеулі адамдар үшін пандус қарастырылған, шақыру батырмасы жұмыс істейді.

Жаӊа ХҚКО Алматыда есеп бойынша 9-ыншы екендігін естерӊізге саламыз. Бұған дейін қалада автокөлік иелері үшін мамандандырылған ХҚКО-ны қоса, 8 халыққа қызмет көрсету орталығы жұмыс істеді.

Өткен жылы Алматыныӊ ХҚКО-ларында 4 миллионнан астам, ағымдағы жылғы 4 ай ішінде шамамен 2 миллион мемлекеттік қызмет көрсетілгенін айта кетелік.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны